• 4 декабря, 2024 6:56 пп

Ашықтық пен әділдік – қазіргі күннің басты талабы. Осы бағытта мемлекеттік органдар жұмысының жүйелі, нәтижелі болуы үшін қоғамдық кеңестердің маңызын арттыруға баса мән беріліп жатыр. Әлі күнге дейін аталған институтты жетілдіру, оның жұмысын ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты сын-ескертпелер толастамай тұр. Мемлекет пен халық арасындағы диалог алаңына айналады деген мақсатпен құрылған қоғамдық кеңестер өз міндетін толық атқарып жүр ме? Қазақстанның барлық өңірін қамтыған қоғамдық кеңестер 2016 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істей бастады. Министрліктердің, орталық атқарушы органдардың жанынан, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың республикалық және жергілікті деңгейлерінде консультативті-кеңесші, бақылаушы орган ретінде құрылған бұл институт бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, мемлекеттік қызметтің сапасына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске оң ықпалын тигізеді. Яғни, атқарушы органдар қоғамдық кеңестер арқылы шешім қабылдарда қоғамдағы маңызды мәселелерге мән беріп, көпшіліктің пікіріне жүгінеді. Бұл әрі мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етеді. Қоғамдық кеңестердің құрылғанына көп бола қоймаса да осы ұйымның жұмысын ілгерілетуде көлбеңдейтін көлденең мәселелер де аз емес. Ондай түйткілді сұрақтардың басында қоғамдық кеңестердің құрамына қатысты мәселе тұр. 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» заңда қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауы тиіс екені көрсетілген. Соған қарамастан, қоғамдық кеңестің басым бөлігін құрайтын азаматтарды қарапайым жұрт біле бермейді. Оның мүшелері халықпен тығыз қарым-қатынас орнатпағандықтан, әлеуметтің өзекті мәселелері тиісті орындарға жетпей жатады. Осыдан екі жыл бұрын Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты әзірлеген «Қазақстандағы қоғамдық кеңестер: дамудың негізгі трендтері» атты сараптамасында кеңестердің белсенділігі оның мүшелерінің белсенділігіне байланысты екені айтылған. Сауалдамаға қатысқан сарапшылардың пікірі бойынша, кеңес мүшелерінің саяси салмағының әлсіздігі, олардың шын мәнінде қоғамдық кеңестердің қызметіне аса құлықты еместігі, жалпы жүктелген міндетке жауапкершілікпен қарамауы – аталған институтты дамытудағы басты кедергілердің бірі. Сонымен қатар белгілі бір мемлекеттік органның жанынан құрылған кеңес мүшелері сол мекеменің зейнетке шыққан бұрынғы қызметкерлері екені де айтылады. Биыл ақпан айында елордада өткен қоғамдық кеңестердің ІІ республикалық мәжілісінде сол кездегі Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев қоғамдық кеңестер құдды бір «ақсақалдар жиналысына» айналып кеткенін, кеңес құрамында 60 жастан асқандардың үлесі 35%-дан асатынын айтқан еді. Сондай-ақ ол гендерлік тепе-теңдіктің сақталып отырмағанына назар аударып, кеңес мүшелерінің төрттен үш бөлігін ер-азаматтар құрайтынын атап өткен. Бұған қоса қоғамдық кеңестердің құрамында жастардың да қатары аз. Олардың үлесі бар болғаны 5,5% екен. Қоғамдық кеңестердің құрамына қатысты сарапшылар тарапынан тағылатын сынның бірі – оның мүшелігіне әртүрлі сала мен санаттағы өкілдердің теңдей тартылмағандығы. Бүгінде көпшілікпен байланыс орнатудың кең ауқымды құралы – әлеуметтік желілер. Ал осы интернет беттерінде халық пен биліктің арасындағы түсіністіктің дәнекері болады деп сенім артылған қоғамдық кеңестер аса белсенділік танытпай келеді. Тіпті кейбір қоғамдық кеңестердің арнайы веб-сайты да ашылмаған, ашылған сайттардың өзі соңғы жаңалықтардан хабардар етіп, уақтылы жаңартылмайды. Сондықтан халық арасында қоғамдық кеңестердің жұмысынан, тіпті мұндай ұйымның барынан бейхабар адамдар да кездеседі. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер қоғамдық кеңестердің ашықтығына әжептәуір әсерін тигізеді. Мәселен, кеңестер мемлекеттік органдардың веб-сайттарында өз жұмыстарының нәтижелерін жариялау мен тарату жағына келгенде мемлекеттік қызметшілерге күні қарап қалады. Бұл – қоғамдық кеңестер әлі де мемлекеттік органдарға тәуелді деген қалыптасқан түсініктің бір мысалы ғана. Мұндай жағдайларға қоғамдық кеңеске мүше болғандардың өз міндетін толық ұғына алмауы да ықпал етеді. Жасалған сараптамалар көрсеткендей, кейбір кеңес мүшелері қоғам мен билік арасында байланыс орнатудың, маңызды шешімдер қабылдауда азаматтарды талқылауға қалай шақырудың, қоғамдық мониторингті қалай жүргізудің жөнін біле бермейді. Сөйтіп мемлекеттік қызметшілер нұсқаған бағытпен әрекет етуге тура келеді. Сонымен қатар қоғамдық кеңестер жергілікті мәслихаттардың қызметін қайталайды деп санайтындар баршылық. Мәселен, жоғарыда айтқан Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалдамада осы ойды сарапшылардың 38,5%-ы құптаса, кеңес мүшелерінің 32,5%-ының аталған уәжге қарсылығы болмаған. Оның үстіне жергілікті мәслихаттардың депутаттары қоғамдық кеңестерге де мүше болып жатады. Кейбір азаматтардың екі институт – қоғамдық кеңес пен мәслихатқа бірдей мүше болуы азаматтық қоғамның дауысын шектеуі мүмкін. Бүгінде қоғамдық кеңестерді дамытудағы аталған мәселелер ескеріліп, жаңа тетіктерді енгізу жайы қарастырылып жатыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитетінің төрағасы Әлия Ғалымова қоғамдық кеңестердің маңызын арттыратын факторлардың бірі ретінде заңнаманы жетілдіру екенін атады. Осы бағытта түзетулердің негізгі пакетін күзде Үкімет пен Парламент Мәжілісіне ұсыну жоспарланып отыр екен. Мысалы, бұрын қоғамдық кеңес мүшелерінің сайлануын анықтайтын жұмыс тобына мемлекеттік органның басшысы жетекшілік етсе, қазір азаматтық қоғамның өкілдері өздері басқарады. Бұл қоғамдық кеңестердің дербестігін күшейтуге ықпал етеді. Заң жобасымен қатар қоғамдық кеңес мүшелері үшін жаңа құқықтар мен өкілеттіктер енгізіледі. Бұған қоса қоғамдық кеңестердің ұсыныстарының орындалу мәселесі де бір жолға қойылмақ. Енді мемлекеттік органдардың ұсыныстарға бір айдың ішінде дәлелді жауап беруі тиіс екендігі көрсетілген норма күшіне енбек. Жалпы, билік пен қоғам арасындағы байланыстың дәнекері саналатын қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру, жаңғырту үшін оның дамуына кері ықпалын тигізетін осындай кедергілер кеңінен талқыланып, оларды жою бүгінде басты назарда тұр. Осы мақсатта екі жылда бір рет дәстүрлі түрде қоғамдық кеңестердің республикалық мәжілісі ұйымдастырылады, сондай-ақ жылына бір рет сарапшылар институтты дамытудың жай-күйі туралы кешенді баяндама жасайды. Қоғамдық кеңестердің жұмысына баға беріп, алдағы даму бағытын айқындайтын сондай баяндама биыл қараша айында дайын болады. Қазіргі таңда Қазақстанда 231 қоғамдық кеңес бар. Оның ішінде 15-і республикалық деңгейде, 17-сі облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, 199-ы қала мен ауылдық деңгейде құрылған. Қоғамдық кеңестердің мүшелері – 3570 адам. Оның 3305-і – өңірлердегі қоғамдық кеңестің өкілдері. Қалған 265-і орталық мемлекеттік органдарда істеп жатыр. Бұрын ел арасындағы түрлі түйіткілді мәселелер мен дау-дамайларды аузы дуалы ақсақалдар бір ауыз сөзбен шешсе, қазір сол ақсақалдардың орнын қоғамдық кеңес басты. Көпшіліктің көкейіндегі мәселені қозғап, елдің мүддесін қорғап, халықтың мұң-мұқтажын құзырлы орындарға жеткізуде қоғамдық кеңестің рөлі зор. Әр саланың өкілдерінен құралған облыстық және қалалық бұл белсенді ұйым 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде қандай шешімдердің түйіні шешілді? Қазіргі күні қандай жұмыстар атқаруда, алдағы жоспарлары қандай? Қоғамдық кеңес бұл – ел ішіндегі түрлі саладағы мәселелерді талқылау алаңы, халықтың мұң-мұқтажын тікелей билік өкілдеріне жеткізуші механизм. Былайша айтқанда, егер монополистер тарифті көтеруге шешім қабылдаса, ол бірінші қоғамдық кеңестің талқылануына түседі, ал кеңес мүшелері осы бойынша жұртшылықтың пікірін ескеріп қана өз шешімдерін айтады. Тек құптаған жағдайда ғана, монополистерге тарифті көтеруге рұқсат етіледі. Немесе тұрғын белгілі бір проблема бойынша арыз жазып, қоғамдық кеңеске тапсырса, ол міндетті түрде кеңестің отырысында қаралады. Бұл тек екі мысал… 2015 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданды. 2016 жылдан бастап республика бойынша мемлекеттік шешімдерді қабылдауға азаматтық қоғам өкілдерін қатыстыру мақсатында түрлі деңгейдегі қоғамдық кеңестер құрыла бастады. Құрамына депутат, ардагер, зейнеткер, журналист, қоғамдық ұйымның жетекшілері, басқарма басшылары және кәсіпкерлерден құралған 55 адам бекітілген. Кеңестің бюджеттік, әлеуметтік, ауылшаруашылық және құқықтық мәселелер жөніндегі 4 бірдей комиссиясы бар. Үш жылдан кейін жаңадан тағайындау болады. Кеңес мүшелеріне жалақы төленбейді, міндеттерін қоғамдық негізде атқарады. Кеңес құрамының үштен екісі қоғам қайраткерлері мен жеке азаматтардан құралады. Ал бір бөлігіне биліктегі азаматтары (лауазымды) енеді. Қызметін бастаған уақыттан бері облыстық қоғамдық кеңесте халықтың ойы тыңдалып қана қоймай, сонымен қатар шешімнің негізіне алынған сәтті бастамалар аз емес. Соның бірі – елімізде саяси резонанс тудырған 2015 жылы «Жер кодексіне» енгізілген толықтырулар мен өзгерістер еді. Қазақстанның кез-келген азаматы мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық негізде үн қоса алады. Яғни, мемлекеттік органдардың қандай да бір шешімдерді қабылдауына ықпал етеді. Ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді, халықтың мұң-мұқтажын тікелей билік өкілдеріне жеткізуші механизмнің рөлін атқарады. Жоғарыда аталған Заңға сәйкес қоғамдық кеңестер республикалық және жергілікті деңгейде құрылады. Қолданыстағы Заңынамаға сәйкес өз жұмысын бастаған Қоғамдық кеңестің құрамына сала бойынша өз жұмысын жақсы білетін әр-түрлі қызмет салаларының өкілдері кіре алады, олар қоғам және мемлекет қайраткерлері, заңгерлер одағаның төрағасы, танымал адвокаттар, төрелік қызметкерлері, сенім білдірілген өкілдер, білімімен, практикалық тәжірибиесімен құқықтық саладағы қызметте барабар баға беріп, ұсыныстар ұсына алатын басқа да заңгерлер енгізіуі тиіс. Қоғамдық кеңестің мүшесі болып олар аумақтағы құрылымдарының қызметін тереңірек және жан жақты түсінуге міндетті. Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері туралы жігін ажыратып айтатын болсақ-ол қызметіне қатысты қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікірін білдіру, осы ұйым қызметінің мақсаты болып табылыды. Қызметтік міндетіне қатысты оның ауқымы — біріншіден азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұршылықтың пікірін ескеру, екіншіден  азаматтық қоғаммен өзара іс қимыл жасауын дамыту, үшіншіден — қоғамдық бақылауды жүргізу мен ұйымдасытыру нәтижесінде қызметінің тиімділігін, ашықтығын, және айқындығын арттыру, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру, осы органдардың қызметіне сенім денгейін арттыру, қоғам мен мемлекет арасында қайтымды байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеліністердің алдын алу және оларды шешу мінтеттері басшылыққа алынған. Осы міндеттерді атқару мақсатында өткен жылы Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес нотариустар мен адвокаттардың іс-әрекетіне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарастыру бойынша талдауды, бағдарламалық қамтамасыз етушілерге құқықтарды қорғау мәселелерін, мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі бойынша талдауын, Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың нәтижесін және т.б. талқылау бойынша іс-шаралар жүргізілді. Аса маңызды деп танылған мәселелерге тоқталатын болсам, ол Қоғамдық кеңес пен халық алдында есеп беруі. Тыңдағаннан кейін есеп қабылдауға жатқызылады. Сонымен қатар азаматтардың және заңды тұлғалардың мүдделеріне тікелей қатысты көптеген мәселелер жан жақты талқылануы тиіс. Қоғамдық кеңестер туралы заңына сәйкес Қоғамдық кеңестер азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысады. Бұл тұрғыдан алғанда Қоғамдық кеңес мүшелерінің тәжірибесі мен білімін қызметінің негізгі мәселелерін шешуде ұтымды және тиімді пайдалануға болады. Сөзімді түйіндей келе айтарым, қоғамдық куымдастықтар, азаматтар мен заңды тұлғалар бүгіңгі мемлекет жүргізіп отырған мемлекеттік саясат пен қоғамға қатысты өз ой пікірлерін қоғамдық кеңес арқылы жеткізе алады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin