• 21 ноября, 2024 4:59 пп

ҚОҚЫСТЫ ШЫҒАРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСҚА ҚАНАҒАТТАНБАҒАН ЖАҒДАЙДА ТҰРҒЫНДАР КОМПАНИЯМЕН ШАРТТЫ БҰЗУҒА ҚҰҚЫЛЫ

Автор:admin

Окт 2, 2022

 

Қала және аудан әкімдіктеріне көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларының аумағынан қоқыс шығарумен айналысатын ұйымның жұмысына қатыстц шағымдар көптеп түсуде.

Әкімдіктің хабарлауы бойынша «Көппәтерлі үйлерден және жеке сектордан қоқыстарды уақтылы шығару үшін тұрғындармен шарт жасасқан ұйым (МИБ, ЖМ) жауапты болады.
Белгілі бір коммуналдық компаниямен келісім-шартты тұрғындардың өз қалауы бойынша ғана жасалады.
Яғни, олар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін ұйымды өздері таңдап, тиісті шарт жасасады.
Ал жергілікті атқарушы органдардың тұрғындар мен компания арасындағы қатынастарға араласуға құқығы жоқ.
Ұйым жұмысты сапалы және кестеге сәйкес орындамаған жағдайда тұрғындар шартты бұзып, оны басқа компаниямен жасасуға құқылы»,

Көшелердің, автобус аялдамаларының, саябақтар мен скверлердің тазалығына, сондай-ақ қоғамдық орындардағы қоқыстарды шығаруға мемлекеттік мекемелер тікелей жауапты болады. Қазіргі уақытта бұл бойынша мәселе орын алып отқан жоқ.

Автор: admin