• 21 ноября, 2024 9:42 дп

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша өңірлерге барды

Автор:admin

Окт 30, 2022

28-30 қазанында ҚР ОСК мүшелерінің Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша ел өңірлеріне сапарлары өтті. Атап айтқанда, ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Қостанай облысында, Ортсайлаком мүшелері Сәбила Мұстафина Ақмола облысында, Шавхат Өтемісов Батыс Қазақстан облысында болды.
Өңірлерде Ортсайлуком мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдардың, кандидаттардың сайлауалды штабтарының, саяси партиялар мен БАҚ өкілдерімен семинар-кеңестер өткізді, онда 700-ден астам адам қатысты. Семинар-кеңестердің бірінші бөлімінде ОСК мүшелері қатысушыларды Президент сайлауын дайындау және өткізу ерекшеліктері туралы хабардар етті. Осылайша, сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктері, Президенттікке кандидаттарды ұсыну жән тіркеу қорытындылары, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, электоралдық оқыту және т. б. егжей-тегжейлі қаралды.
Өз кезегінде уәкілетті мемлекеттік органдар ОСК мүшелеріне өңірлерде сайлаушылар тізімдері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасын заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыру, дауыс беру күні сайлау учаскелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сайлау бюллетеньдерін күзету және жеткізу туралы баяндады.
Семинардың практикалық бөлігі АСК және УСК мүшелері үшін іскерлік ойын түрінде тәжірибеге бағдарланған әдістерді қолдана отырып және дауыс беру күні іс-қимыл алгоритмін пысықтау арқылы жүзеге асырылды.
Семинар-кеңестердің қорытындысы бойынша ОСК мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар айтты.
Сондай-ақ, сапарлар аясында Ортсайлаком мүшелері сайлау учаскелеріне барып, олардың дауыс беру күніне дайындығымен танысты.

Автор: admin