• 20 сентября, 2024 2:38 пп

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ҚР Халқына жариялаған Жолдауындағы (01.09.2023 жыл) негізгі бағыттарының біріне пікір

Автор:admin

Сен 1, 2023

Мемлекет басшысы жолдау айту барысында біздің елді халықаралық транзиттік ел айналдыру мәселесін кең түрде айтып өтті.

Бұл ретте осы мәселені айтып қозғап, ол бойынша нақты тапсырмалар жиынтығын үкіметке берді және парламентке ұсыныс жасады.

Президентін аталған мәселе бойынша берген тапсырмаларын толықтай қолдауға болады.

Біріншіден, біздің елді халықаралық транзиттік елге айналдыру жалпы мемлекеттің экономикалық ахуалын нақты жақсартуға, оның ішінде сыртқы экономикалық қызметтің сапасын көтеруге ықпал жасайды.

Екіншіден, елдің экспорттық әлеуетін арттыруға және халықаралық жүк тасымалдау жүйесін жаңа қарқынмен қалыптастырып дамытады.

Үшіншіден, біздің еліміздің аумағынан өтетін халықаралық дәліздер мен халықаралық жолдарын қалыптастыру көптеген салаларды стратегиялық тұрғыдан тікелей қалыптастырып дамытады деп санаймыз. Әсіресе, кавказ елдері арқылы қара теңізге және еліміздің оңтүстіктегі елдер арқылы парсы шығанағына халықаралық теміржол мен автомобиль жолдарын салуға нақты ұсыныстардың бар екендігі көрініп тұр.

Төртіншіден, жоғарыда аталған факторлар біздің елдің халықаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсерін береді деп есептейміз.

Бесіншіден, аталған факторлар елімізді халықаралық хабқа айналдыру мүмкіндігін береді.

Халықаралық қатынастар

және халықаралық құқық

кафедрасының доценті, Ph.D                                        Е.Т. Бекбосынов                                                

Автор: admin