• 2 августа, 2025 6:10 дп

ҚХП — Ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлы жайында сауалнама жүргізді

Автор:admin

Авг 1, 2025
Screenshot

Шымкент қаласында ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Қазақстан Халық партиясы мен партия жанындағы “Jas orta” жастар қанатының ұйымдастыруымен шаһар тұрғындары арасында зияткерлік сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың басты мақсаты — қоғамға Абайдың рухани мұрасын қайта жаңғырту, оның идеялары мен шығармаларына деген қызығушылықты арттыру.

  Сұрақтар халық көп жүретін Арбат және Shymkent Plaza сауда орталығы сынды қоғамдық орындарда өткізілді. Абай Құнанбайұлы жайында, дұрыс жауап берген тұрғындарға, ақынның еңбектерінен сыр шертетін кітаптар табысталды.

Автор: admin