• 8 сентября, 2025 6:17 пп

Қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Автор:admin

Сен 8, 2025

МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ:

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Жоғарыдағы көрсетілген міндетті орындау және Түркістан қаласының тұрғынының арызы негізінде, аталған шағымды жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында тиісті мемлекеттік органға жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Анықталғандай, қызмет алушымен тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне құқық алу үшінтиісті мекемеге өтініш берілген.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі Жер кодексінің
44-2-бабы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасымен реттеледі.

Бұл рете, Қағида талаптарында көрсетілгендей, сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы
2 (екі) жұмыс күні ішінде бекітілген қала құрылысы құжатына сәйкес оны мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындайды және сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша берудің мүмкін еместігі айқындалған жағдайда, 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасай отырып, сұралып отырған жер учаскесін бөліп берудің мүмкін еместігі себебін негіздеп, оның жеке кабинетіне уәжді бас тарту жібереді.

Дегенмен, тексеру барысында қызмет беруші тарапынан жер учаскесін бөліп берудің мүмкін еместігі туралы қорытынды ұсынылмағаны, сәйкесінше қызмет көрсету мерзімі 16 жұмыс күніне бұзылғаны белгілі болды.

Осыған орай, Департаменттің ықпалымен 2025 жылғы 2 қыркүйекте арыз иесіне қызмет нәтижесі ұсынылып, қызмет алушының бұзылған құқығы толықтай қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, жүргізілген тексеру нәтижесінің қорытындысы бойынша Департамент тарапынан тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау туралы ұсыныс енгізілді.

Абылайхан Дағыстанұлы НАУРЫЗБАЕВ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Автор: admin