• 9 августа, 2025 2:35 пп

Қытайлық «Nanning Jianing Water Investment Group Co., Ltd» компаниясымен маңызды кездесу өтті.

Автор:admin

Авг 9, 2025

Компания Қазақстанда қалдықтарды өңдеу және су тазарту салаларында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

Қоқыс өңдеу – қуаттылығы тәулігіне 1000 және 1500 тонна болатын екі заманауи қоқыс өртеу зауыты салынады. Жалпы инвестиция көлемі – 350 млн АҚШ доллары. Бұл зауыттар жылына 420 млн кВт/сағ электр энергиясын өндіреді.

Су тазарту – қуаттылығы 300 000 м³/тәу болатын екі жаңа су тазарту кешені және канализация инфрақұрылымы салынады. Инвестиция көлемі – 604 млн АҚШ доллары.

Бұл жобалар экологияны жақсартып қана қоймай, өңірдің энергия және сумен қамтамасыз ету қауіпсіздігін арттырады.

Автор: admin