• 21 ноября, 2024 8:50 дп

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Автор:admin

Янв 20, 2024

 

🔹 2024 жылғы 21 қаңтар күні сағат 16.00-де Шымкент қаласы «Көрме» орталығында «Қазына» би ансамблінің құрылғанына 35 жыл толуын атап өту аясында «Fashion show by QAZYNA» іс-шарасы өтеді.

🔷 «Қазына» би ансамблі — Шымкентті республикаға ғана емес, төрткүл дүниеге танытып жүрген шығармашылық ұжым.

🔹 Алғашқы құрамы 1986 жылы Әл-Фараби атындағы мәдениет институтының негізінде құрылған би тобының би жетекшісі – Сәуле Балбаракова, ал көркемдік жетекшісі – ҚР мәдениет қайраткері марқұм Мұса Жарқынбеков болған.

🔹 Қазіргі таңда Ансамбльдің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты Әжібекова Зауре Бекембайқызының көркемдік жетекшілігімен талай додаларды бағындырып, әлемге Оңтүстік өңірінің атын паш етіп жүр.

🔹 Мерекелік іс-шара «Қазына» би ансамблінің құрылу тарихы туралы бейнефильмнің көрсетілуімен бастау алып, шығармашылық ұжым көпшілік назарына өзінің қалыптасу тарихындағы би қойылымдарындағы сахналық костюмдерден дефиле ұсынады.

🔹 Әр сахналық бейненің шығу тарихы, қойылымның идеясы, костюм дизайнының авторы, киім тігу шебері туралы ақпарат берілетін болады.

🔹 Мерекелік жиында «Қазына» би ұжымы, «Күлтегін» фольклорлық ансамблі, «Еркетай» балалар би студиялары өнер көрсететін болады.

🔹 Келіңіздер, көріңіздер. Өнерпаздарымыздың өнерін бірге тамашалайық.

Автор: admin