• 25 июля, 2025 9:58 пп

ҚҰРТАЕВ КӨШЕСІНІҢ ЖАҢА БЕЙНЕСІ: ЖАҢА АСФАЛЬТ, ҚАУІПСІЗ АЯҚЖОЛ

Автор:admin

Июл 24, 2025

 

Қала тұрғындары үшін тағы бір жағымды жаңалық! Құртаев көшесінде жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, нәтижесінде бұл аумақтың келбеті айтарлықтай жақсарды.

Атап айтқанда, Бақбаев көшесінен бастап 850 метр қашықтықта жаңа асфальт төселіп, заманауи стандарттарға сай, бір жақты жаяу жүргіншіге арналған аяқжол салынды. Бұл жаңалық тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін маңызды қадам болып отыр.

Жол төсеу жұмыстары алдын ала бекітілген кесте бойынша кезең-кезеңімен жүргізіліп, қазіргі таңда аяқталу сатысына жақындады. Мұндай инфрақұрылымдық жобалар қаланың даму қарқынын көрсетіп, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Құртаев көшесіндегі бұл өзгерістер – жалпы қала бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жөндеу және абаттандыру жұмыстарының бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта басқа да көшелерде осындай оң өзгерістер орын алуы жоспарлануда.

Таза жол – жайлы өмір!

Автор: admin