• 18 октября, 2024 2:29 пп

Құтқарушы үшін маңызды

Автор:admin

Окт 5, 2024

Шымкент қаласының құтқару қызметі шаһар тұрғындары үшін күнделікті уақытқа қарамай қызмет жасайды. Қазіргі уақытта қалалық мамандандырылған жасақ құрамында 150 маман жұмыс істейді. Оның ішіне 14 адамнан құралған 4 қарауыл құтқарушылар да кіреді. Мұрат Сырымұлы. Жаңадан келген құтқарушыларға жөн сілтеп өз білгенімен бөліседі. Мысалы, ол жас мамандарға ескі көліктерді әкеліп, жас құтқарушыларға оның есігін қалай ашып, ішіндегі адамды қалай алып шығу керектігін, құтқарушыларға арналған арнайы құрал-жабдықтарды қалай пайдалану қажеттігін, қауіпсіздік ережелерін үйретеді.

— Оқиға орнында құтқарушы жылдам, еппен істеу қажет. Егер адам көліктің астында жатса, міндетті түрде адамның бетін жауып қою керек. Сонымен қатар, құтқарушылар өздерінің бас киімдерімен қолдарына арнайы қолғаптарын киюді ұмытпай керек. Ол өте маңызды талаптардың бірі, — дейді мамандандырылған жасақ басшысының орынбасары.

Жас құтқарушыларды ерлік жасауға шабыттандырып, оларды белгілі бір тұлғаға бой түзету маңызды. Бұл жолда Мұрат Сырымұлы ерлігі ел аузында жылдан-жылға айтылып жүрген емес, өз орталарында жүріп, жетістіктері жетерлік құтқарушыны мысал етеді екен.

— Біздің мамандандырылған жасақта Дарын Искаков деген құтқарушы бар. Ол 4-қарауыл құтқарушыларының жетекшісі. Оның қоржынында 150 рет порошюпен секіру, су астында жүзіп, құтқару операцияларына қатысуы бар және оның негізгі мамандығы құтқаушы, ол жан-жақты, өжет. Оның біздің мамандандырылған жасақтың жетістіктеріне қосқан үлесі өте зор, — деп атап өтті Мұрат Сырымұлы.

Сонымен қатар, Мұрат Сырымұлы жастар арасында құтқарушы боламын деп, ниет білдірушілердің саны жылдан жылға артып келе жатқанын атап өтті.

— Негізінен құтқарушы мамандығына жастар көп қызығушылық білдіруде және бұл өте жақсы. Өйткені жасы 30-дан асқандардың көбі биіктіктен секіру, тез жүгіру сынды нәрселерді орындай алмай жатады. Ал жастардың бойында күш-қуат тасып тұрады, — дейді азаматтық қорғаныс майоры.

Құтқарушылар қыс мезгілінде қар көшкіні астында қалушыларды, аязда жолда тұрып қалатын жолаушыларды құтқарса, көктемде халықты су басудан құтқарады. Жаз мезгілінде өрт пен суға кету мәселелері өзекті орынға ие болады.

— Қыркүйек айында құтқарушылар 51 шақыруға шықты. Оның ішінде басым көпшілігі жабылып қалған есікті ашу, кейін жедел жәрдемге, полиция қызметіне көмектесу, жануарларды құтқару сынды жағдайлар кездеседі, — деп толықтырды Аслан Мырзабекұлы.

Бұл мамандыққа кездейсоқ адам келмейді, өйткені, құтқарушы мамандығы жақсы физикалық дайындықты, жүйке бекемділігін, төзімділікті, тасып-тулаған апат алдында қорқынышты жеңе білу қабілеттілігін және әрине, мінсіз абырой-беделді талап етеді.

Ержүректілік, батырлық, жанқиярлық – құтқарушыларға тән қасиеттер. Екі қылықты қыз бен бір ер баланы тәрбиелеп отырған Аслан Нұрбаев өзінің ұлы болашақта әкесінің жолын қуып құтқарушы болғанын қалайды. Өйткені оның пікірінше, тек нағыз азаматтар ғана құтқарушы бола алады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin