• 20 апреля, 2024 12:13 пп

ҰБТ өткізу орындарын үздіксіз электрмен қамтамасыз ету бойынша кеңес

Автор:admin

Июн 11, 2020

Ағымдағы жылғы маусым айының 10-да Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінде Шымкент қаласының білім басқармасы өкілдерінің, сондай-ақ энергия кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен ҰБТ өткізу орындарын сенімді энергиямен қамтамасыз ету жөнінде кеңес өтті.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті бөлімі басшысының, білім басқармасы басшысының орынбасарының, сондай-ақ энергетикалық кәсіпорындар өкілдерінің баяндамасы тыңдалды.
Кеңес соңында ҰБТ өткізу орындарын үздіксіз электрмен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды.

Автор: admin