• 22 ноября, 2024 12:59 дп

«Ұйқымыз тыныш»: шымкенттіктер учаскелік инспекторлардың жұмысы туралы

Автор:admin

Сен 10, 2024

Әл-Фараби ауданының полиция басқармасы №33 учаскелік пунктінің қызметкерлері азаматтардың әрбір өтінішін назардан тыс қалдырмайды. Полиция пунктінің әкімшілік учаскесіне кезінде масаң күйдегі тұлғалар мен басқа да құқық бұзушылардың жиі болуы байқалған Юбилейная шағынауданының, Қошқар ата өзенінің және теміржол вокзалының аумақтары кіреді.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, учаскелік полицейлердің жұмысының нәтижесінде аумақта заң бұзушылықтардың саны азайды. «Инспекторлардың еңбегінің арқасында қазір ұйқымыз тыныш және көше мен аулаларда қорықпай жүре аламыз. Тәртіп бұзушылар да азайды», — дейді үй комитетінің төрағасы Ханифа Сибиргаева. Учаскелік инспекторлар «халық полицейлері» деп бекер айтылмаған, өйткені бұл тәртіп сақшылары халыққа ең жақыны. Дәл осылай, №33 УПП-нің қызметкерлері де өздеріне бекітілген аумақтың барлық тұрғындарын таниды және олармен тығыз байланыста. Тірек пунктінің төрт полицейі шамамен 15 мың адам тұратын аумақта қызмет етіп, тәуліктің кез келген уақытында оларға көмекке келуге дайын. «Учаскелік инспектордың жұмысы жоғары кәсібилікті, әкімшілік аумағындағы жедел жағдай туралы нақты хабардар болуды, өз жұмысында полицияның ғана емес, психологиялық дағдыларды да пайдалана білуді талап етеді. Себебі, біз күн сайын көптеген азаматтармен тікелей байланысқа боламыз. Әр қадамымызда, әр іс-әрекеттімізде қызметке деген адалдықты көрсете білу керек», — деп атап өтті халық полицейлері. Еліміз Тәуелсіздік алып, алдымыздан ақ күн туған шақтан бері полиция қызметкерлері де уақыт талабына сай жаңаша бағытта, тамаша қарқынмен, дамылсыз дамып мемлекетіміздің тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтауда, республиканың әрбір азаматы мен азаматшасының құқығын қорғауда, заң бұзушылық пен қылмысқа қарсы күрес жұмыстарын талапқа сай жүргізу жолында бар күш қайратын салып, дамылсыз еңбек етуде. Шымкент қаласы  қазіргі таңда бүкіл әлем көз тіккен үлкен экономикалық аймаққа айналып отыр. Дүние жүзіндегі іргелі елдердің үлкен үлкен өндіріс орындары, компаниялары келісім шарт бойынша жұмыс жасауда. Шетелдік мекемелердің мыңдаған адамдары осы аймақта республика игілігі үшін еңбек етеді. Елдің негізгі заңы бойынша, адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады. Олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Ал ол құқықты бірінші болып қорғайтын, қоғамда полиция қызметкерінің рөлі ерекше.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin