• 8 сентября, 2024 1:29 дп

Ұландықтар Шымкентте суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Автор:admin

Июл 25, 2024

Оқиға 24 шілдеде «Қошқар ата» өзенініңмаңында болған. Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару кезінде Ұлттық ұланның6506 әскери бөлімінің әскери жасағы суға батып,көмекке шақырған баланы көрді.

Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Ильяр Кахирман бұл туралы радиостанцияарқылы өзінің аға бастығына баяндап, содан кейін суға секіріп, баланы жағаға шығарды. Кейін әскери қызметшілер баланы ата-анасына тапсырды.

Ұландықтардың батыл әрекеттері баланыықтимал ажалдан құтқарды.

Айта кету керек, сол күні Ұлттық ұланныңәскери жасақтары Шымсити саябағындажоғалған баланы тауып, Шымкент қаласыныңӘл-Фараби ауданында жоғалған смартфондыиесіне қайтарып алды.

Барлық жағдайда азаматтар Ұлттық ұланәскери қызметшілеріне қырағы және адалқызмет атқарғандары үшін зор алғыстарынбілдірді.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлікқолбасшылығының баспасөз қызметі

Автор: admin