Қазақстан Республикасы Ұлттык ұлан академиясының З курс курсанттары Шымкенттегі6698 әскери бөлімінде тағлымдамадан өтті. Болашақ офицерлер взвод командирі, инженерліктехникалық кұралдар маманы және тыл қызметібойынша 3 жыл оқыған білімдерін тәжірибементүйіндеді. Практика барысында курсанттаржауынгерлік қызметтің қыр сырымен танысты. Әскери бөлімдегі взвод командирлерімен біргесарбаздарға жауынгерлік, мемлекеттік құқықтықдайындық, атыс дайындығы бойынша сабақтар өткізді, Сондай-ақ жауынгерлермен жалпы жәнежеке тәрбие жұмысын жүргізді. Тыл мен инженерлік техникалық құралдар мамандары бөліматқаратын жауынгерлік қызметтің бірі — арнайымекемелердегі регламенттік жұмыстарға қатысып, материалдық құралдарды есепке алу, есептеншығару сияқты құжаттамалық жұмыстармен де танысты. Әскери бөлімді тылдық қамтамасыз етубойынша негізгі қызметтерді жүргізді. Жауынгерлерге алынған әскери киім-кешек, азық-түлік, жанар-жағармай сияқты заттардықабылдауға лауазымды тұлғалармен бірге қатысып, тәжірибе алмасты.
Взвод командирі ретінде практикадан өтіп жүрген сержант Әли Ерланұлы: «Біз тағлымдама барысында бөлім кұрылымындағы нақты міндеттермен процесстерді бақылап, кәсіби дағдыларымызды жетілдірдік. Әскери бөлімбасшылығы жауынгерлік жағдайларда әрекет ету, бөлімшелерді басқару және тәрбие жұмыстарын сапалы өткізу бойынша құнды кеңестер беріп, өзтәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар жас жауынгерлермен іс-жүзінде тығыз жұмыс істей отырып, офицерлік жауапкершілік пен көшбасшылықтың маңызын жете түсіндік. Бізге практика барысында жетекшілік жасап, сапалы тәжірибелерімен бөліскен әскери бөлімнің аға офицерлеріне алғыс айтамыз», — дейді. Курсанттарпрактика уақытында жергілікті телеарнада конақта болып, әскери мамандыққа окудың, әскери қызметші болудың артықшылықтары мен беделі жайлы жастармен бөлісті.
Айта кетейік, мұндай тағлымдамалар болашақ офицерлердің кәсіби қалыптасуына, теориялык білімді практикамен ұштастыруына, сондай-ақ әскери ортаға бейімделуіне айрықша әсер етеді. Курсанттар алған білімдері мен тәжірибелерін болашақ қызметтерінде тиімді пайдаланып, ел тыныштығы мен қоғамдық кауіпсіздікті қамтамасыз етуде өз үлестерін қосары сөзсіз.
6698 әскери бөлімі
капитан Шынжигитова Малика