• 21 ноября, 2024 9:17 дп

ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ АРТТЫ

Автор:admin

Фев 17, 2022

«Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы алғаш рет құрылтайшысына дивиденд төлегелі жатыр. Қала бюджетіне қомақты қаржы аударып береді. ҚР Парламенті Мәжіліснің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараев пен Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында болып, ұжымның жұмысымен танысты. Мекеме басшысы Бауыржан Канкин өткен жылы атқарған жұмысы туралы айтып берді. Мәжіліс депутаттары «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бизнес нысан ретінде тиімділігін арттыру жолдарын талқылады. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударылған.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның қаржысына былтыр 9 көпқабатты үй салынды. Бұл тұрғынүй кезегінде тұрғандардың қатарын азайтуға сеп. Қаладағы жолаушылар тасымалдайтын жаңа автобустар да осы мекеменің қаржысына алынған. Өткен жылы 57 инвестжоба қаралып, соның 30-ын іске асырған. Мәжіліс депутаттары әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның тиімділігін арттыру үшін қаралып жатқан заң жобасына біршама өзгерістер енгізу үшін ұсыныстарды тыңдап, ары қарай талқылайтын болып келісті.

Jsk ақпарат

Автор: admin