• 4 августа, 2025 6:30 дп

Әлеуметтік осал топтарға – құқықтық көмек көрсететін Шымкентте орталық бар

Автор:admin

Июл 15, 2025

Шымкент қаласындағы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесімен тікелей айналысатын бірегей мекеме — «Бақытты жанұя» орталығы. Орталықтың мақсаты – қиын жағдайға тап болған әр-бір отбасыға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек, сонымен қатар, ана мен баланы қорғауға жан-жақты қолдау көрсету. Бүгінде денсаулығына байланысты шешімін таба алмай жүрген азаматтар арасында «Бақытты жанұя» орталығы» КММ ұйымдастыруымен денсаулық саласының мамандарының кездесуі өтті, деп мәлімдеді орталықтың баспасөз қызметі.

Кездесуге «Бақытты жанұя» орталығы» КММ директоры А.Қалымбет және Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшы орынбасары Т.Дауытов, Шымкент қаласының №6 емхананың жалпы практикалық бөлімшесінің меңгерушісі А.Сартаева қатысты.

Іс-шарада азаматтар денсаулығына байланысты мемлекеттік жеңілдіктер, туралы ақпараттық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, қолдарындағы анықтамадағы ауру түрлеріне қарап диагноздарын түсіндірді.

Нәтижесінде кездесуге келген азаматтарға тиісті көмектер көрсетілді. Атап айтсақ: мүгедектікке шығу, тегін дәрі тағайындау, мүгедек баласына қамқоршы болу, мүгедек баласына қамқоршы болу, мүгедектік категориясын ауыстыру, құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсету, адам мүгедектік категориясын ауыстыру, құжаттары қаралып ұсыныстары тыңдалды.

Сонымен қатар орталықта Шымкент қаласының аз қамтамасыз етілген көпбалалы, әлеуметтік осал санаттарға жататын аналар арасында ақпараттық түсіндірмелер ұйымдастырып, тұрғын үй алуға ниетті азаматшалардың құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетілді.

Іс-шара барысында «Отбасы банк» АҚ кеңесшісі Арайлым Байнеева және «Бақытты жанұя» орталығы» КММ бөлім басшысы Шолпан Көлбаева кездесуге келген 15 ананың сұрақтарына қарай жауап беріп, тиісті көмектер көрсетті. Кезесу барысында: «Наурыз», «Отау», «Қамқор», «Шаңырақ», «Бақытты Отбасы», «5-10-20», «50-50», «30-70-20», «2- 10-20» және т.б. бағдарламалар туралы ақпараттық кеңестер берілді.

Сондай-ақ жақында шалғай аудандарда тұратын немесе үйінен шығуға мүмкіндігі болмай жатқан көп балалы отбасы мүшелері, әлеуметтік санаттарға жататын қала тұрғындарына «Бақытты жанұя» орталығы» КММ ұйымдастыруымен әлеуметтік саланың мамандары қашықтан онлайн жүйесінде 63 адамға көмек көрсетілді. Атап айтар болсақ 18 адамға ЭЦҚ ашып берілді, 11 адамға мемлекттік бағдарламар жайлы кеңестер берілді, 10 адамды жер кезегіне тіркеді, 8 адамға egov.kz сайты арқылы анықтама алып берілсе, қалған 16 адамға тұрғын үй кезегіне тіркеу бойынша ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары ұйымдастырылды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin