• 27 декабря, 2024 1:56 дп

Әскери қызметшілер ара-қатынастары мәдениетін тәрбиелеу.

Автор:admin

Май 15, 2024

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің білім деңгейін көтеріп, біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін пысықтауды әр жолдауында тілге тиек етіп отырады. Әскери қызметшілердің ара-қатынасы мен мәдениетін жоғарлату мақсатында Шымкент қаласында әскери қызметшілерге арнайы курстар мен оқыту нысандарпы ашылған. Әрбір әскери қызметші осы курстардан өтіп, білімі мен біліктілігін тегін түрде арттыра алады.  Әскери қызметшілердің құқықтық, адамгершілік қатынастарын және тұлғалық сапаларының қалыптастыруына бағытталған үрдісін ұсынады, олардың қатынастары мәдениет талаптары негізінде (эмпатия, такті, борышты сыйлау және жеке адамгершілікті және т.б.) және ұйымшыл әскери-педагогикалық үрдісте жүзеге асатын болады. Әскери қызметшілерді тәрбиелеу — спецификалық үрдіс, мұнда бірқатар ерекшеліктерді айтуға болады: соғыс шарттарында соғысқа дайындауды; қиындықтарды жеңуді және әскери қызмет ауыртпашылығын жеңуді; тек қана тәрбиелеуді өткізу емес, сонымен қатар қайта тәрбиелеуді де жүзеге асыруды; командирлер тарапынан тәрбиелеуді жүзеге асыруды, т.б. білдіреді. Бұндай ерекшеліктер әскери-педагогикалық үрдісте өз ізін қалдырады. Бір жағынан, қиындықтар әскери бөлімшелер (бөлімдер) тарапынан шешілуші оқу-жауынгерлік, қызметтік және басқа мақсаттардың үлкен көлеміне орайлас көрінеді, кейбір командирлердің психологиялық-педагогикалық және әскери-кәсіпшілік деңгейінің әрқашан жоғары еместігінен, әсіресе төменгі буында, Қарулы Күштердің қатарларында қызметке шақырылған адамдардың адамгершілігінің төмендігімен және физикалық дайындық деңгейінің аздығымен байланысты. Басқа жағынаң әскери бөлімдердің жақсы уақытқа белгіленген және айқын ұйымдастырылған өмірі,әскери қызметшілердің Отанды қару-жарақты қорғау мәселесін шешу бойынша белсенді бірге әлеуметтік мәнді қызметі, өзара қатынастардың мәдениетті дамуы үшін жақсы шарттар және тәрбиелеу мақсаттарына бүтіндей жетуді қарастырады.   Өзара қатынастың мәдениеттілік нормалары және ережелері әскери қызметшілер тарапынан олардың қоғамдық өмірге кірген кезінде үйретіледі және әскери қызметтің әртүрлі салаларының қатысуымен жетістіріледі. Бүл мәдениетті тәрбиелеу — екі жақты үрдіс, онда барлық мүдделес қатысушылардың белсенді рөлдері жүзеге асады. Тәрбиелеу субъектілері болып әртүрлі деңгейдегі командирлер (басшылар) және тәрбиелік жұмыс органдары, әскери үжымдар, әскери және азаматтық қауым алға шығады. Командирдің бағыныштыларға деген жеке үлгісі де сонымен қатар үлкен мағынаға, соның ішінде және жауынгерлік шарттарға да ие болады. Бірақ әскери қызметшілер енжар объектілер болып қалмайды, себебі тәрбиелік әсерлерге саналы және белсенді қатынаста болады. Егер оларда әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын жоғарылатуға деген тәрбиелік мақсаттарды шешу қажеттілігі туралы түсінігі және ішкі қатынасы дұрыс қалыптасқан болса, онда тәрбиелеу үрдісі өз мақсаттарына жетеді.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin