16 сәуір күні Шымкент қаласындағы Орталық саябақта Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ерекше іс-шара өтті. Қалалық әкімдіктің қолдауымен, Чернобыль және Семей полигоны ардагерлерінің бірлестігі ұйымдастырған шахмат жарысы жоғары деңгейде өтті.
Бұл жарысқа қаламыздың қадірменді зейнеткерлері мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Шараның басты мақсаты – ардагерлеріміздің қоғамдағы белсенділігін арттыру, денсаулықты нығайту, сондай-ақ олардың арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту.
🔸 Зияткерлік додада ардагерлер өз шеберліктерін көрсетіп, қызықты партиялар өткізді.
🔸 Жеңімпаздарға арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.
🔸 Жарыс соңында қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, естелік суретке түсті.
Осындай тағылымы мол, рухты көтеретін шаралар көп болғай! Ардагерлерімізге алғысымыз шексіз! 🇰🇿
#Шымкент #Ардагерлер #ШахматЖарысы #ҰлыЖеңіс80жыл #ЧернобыльАрдагерлері #СемейСынағы #ОрталықСаябақ #ҚарияларҚазына