🗓️«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталды.
❇️Конкурсқа 35 жасқа дейінгі, мәдениет, ғылым, медиа және спортта жетістіктері бар қазақстандықтар қатыса алады. Олар – халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ аталған салалар мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен үміткерлер.
❇️«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.
❇️Байқау 10 номинация бойынша өтеді:
«Әдебиет»,
«Ғылым»,
«Дизайн және бейнелеу өнері»,
«Журналистика»,
«Классикалық музыка»,
«Креативті бастамалар»,
«Спорт»,
«Театр және кино»,
«Эстрада»,
«Халық шығармашылығы».
Креативті бастамаларға – ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы бағытында, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қайырымдылық, волонтерлік қызмет салаларындағы жастардың жетістіктері жатады.
❇️«Дарын» жастар сыйлығына үміткерлерді мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер ұсынады.
Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.
Жыл сайын сыйлықты табыстау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өткізіледі.
«Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы дарынды жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызмет, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалған. Содан бері аталған сыйлықты түрлі саладағы 340-тан астам азамат иеленді.
📌Конкурсқа қатысуға құжаттар 2024 жылғы 17 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті (қағаз нұсқада) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы 10, «Министрліктер үйі» ғимаратында (14-кіреберіс) қабылдайды. Ал электрондық нұсқаны premiya.daryn@mki.gov.kz поштасына жолдауға болады. Байланыс номерлері: 8(7172) 74-05-25, 8(7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54.
📍Ережелермен толығырақ келесі сілтеме бойынша танысуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/721958?lang=kk