• 24 ноября, 2024 4:29 дп

105 жастағы ер адам ұзақ жасауының құпиясы сүйікті сусынында екенін айтты

Автор:admin

Май 3, 2022

105 жастағы АҚШ тұрғыны өзінің сүйікті ыстық сусынын ұзақ жасауының сыры деп атады. Пиджен-Фоллста тұратын Рейнольдс Томтер өмір бойы кофе ішіп келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі WLAX басылымына сілтеме жасап. 

Рейнольдс Томтердің сөзінше, кофені тұрақты ішкендіктен ол ұзақ өмір сүрген. Екінші себебі достарымен әңгіме айту дейді.

Томтер 1917 жылы 27 сәуірде дүниеге келген. Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан ол кейін кәсіпкерлікпен шұғылданған. Егде жасына қарамастан Томтер үй шаруасымен айналысып, таза ауада ұзақ уақыт өткізуге тырысады. Қарияның туған күні 411 мың адам тұратын Пиджен-Фоллс үшін айрықша оқиға болды.

«Барлығы мені құттықтап, жылы лебіздерін білдіруде. Сондықтан ұзақ өмір сүруден қорықпаңыздар», — деді Рейнольдс Томтер.

Жақындары жергілікті мейрамханада арнайы кеш ұйымдастырып, туыстары мен қала тұрғындарын шақырған. Пиджен-Фоллста қарияны мейірімді және көңілді адам ретінде біледі және құрметтейді. Сонымен қатар сүйікті командасы Green Bay Packers жеңіліп қалса, көңілі құлазитынын айтады.

Jsk ақпарат

Автор: admin