Білім

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ АСХАТ ЖҰМАҒАЛИ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАДЫ

Азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдап, құқықтың кеңестер беру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали карантин режимін ескере келе азаматтарды онлайн қабылдады.
Қабылдауға жазылған азаматтар тұрғын үй, құрылыс салалары мен сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты шағымдарын білдірді.
Өз кезегінде азаматтарға тиісті жауаптар беріліп, құқықтық көмек көрсетілді.
Қабылдауда Асхат Жұмағали фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілерінде Департамент пен өзінің жеке парақшалары бар екендігін атап өтіп, әрбір ниет білдірген азамат қызықтырған сұрақтарын қойып, жедел түрде жауап ала алатынын мәлімдеді.
Қабылдауға жазылған азаматтар Департамент басшылығына жеке сұрақ қою мүмкіндігіне алғыстарын білдіріп, осындай шаралардың бұдан әрі жалғасуына тілек білдірді.
Айта кетейік, карантин режимінде Департаментпен және басқа да мекемелердің атқарған жұмыстарымен таныстыру мақсатында «ANTIKOR.LIVE», тегін құқықтық кеңестер беру мақсатында «Адал көмек» жобаларымен қатар, жемқорлықтың алдын алудағы түрлі форматтағы шаралар мен азаматтарды қабылдау онлайн режимде жүргізілуде.