• 9 июля, 2025 11:40 пп

2025 жылдың 6 айында Түркістан облысы бойынша 579 (2024 жылы 6 айы — 472) жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,7%-ға өскен.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде  зардап шеккендер саны 29% — ға артты (673тен 868гедейін), оның ішінде жарақат алғандар саны 25,8% — ға өсті (581ден 731ге дейін), қаза тапқандар саны 48,9% — ға өсті (92ден 137ге дейін).    

Ең көп жол-көлік оқиғасы тіркелген аудандар,Жетісай — 89, Сайрам — 82, Түркістан қаласы — 71, Келес — 39, Түлкібас — 38, Арыс — 32, Төлеби — 31, Сауран — 27, Сарыағаш — 27, Шардара — 26, Ордабасы — 22, Созақ — 20, Кентау қаласы — 17, Отырар — 17, Бәйдібек — 16, Мақтаарал — 14, Қазығұрт – 11.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы ережелерінің сақталмауы болып табылады, соның ішінде белгіленген жылдамдықтың асыра орындалуы және жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі.

Құрметті облыс тұрғындары, қонақтар және туристер Жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз.

Сондай-ақ, еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялық карта» бөлімінен қарауға болатынын еске саламыз.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің Түркістан облысы

бойынша департаменті

#Заң_мен_Тәртіп

#Закон_и_Порядок

Автор: admin