• 23 ноября, 2024 7:25 пп

2023 ЖЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ 350-ГЕ ЖУЫҚ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ АНЫҚТАЛҒАН

Автор:admin

Янв 13, 2024

 

Бұл туралы бүгін Ақпараттық–коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков айтты.

«2023 жылдың 12 айында жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 350-ге жуық заңсыз құрылыс нысандары анықталып, тиісті шара қолдану үшін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хатпен жолданған. Басқарма тарапынан жолданған хаттардың негізінде, құзырлы мекеме тарапынан тиісті шешім қабылданып, 206 құрылыс нысандары бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 802 бабына сәйкес, 114 700 000 тг. айыппұл салынған»,-деді спикер.

Қаладағы 350-ге жуық заңсыз деп танылған құрылыс нысандарының басым көпшілігі коммерциялық, қосымша құрылыстар және т.б. нысандар екенң анықталған.
Олардың заңсыз құрылыс деп танылуының ең басты себептері – құрылыс нысанына сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзірлемеу және нобайына (эскиз) келісім алмау болып табылады.
Қазіргі таңда қаладағы заңсыз құрылыстармен күресу жолдарын оңтайландыру мақсатында, мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталған нысандар геоақпараттық порталда кезекші картаға енгізілуде.

Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Автор: admin