• 21 августа, 2025 5:35 пп

2025 жылдың 7 айында Түркістан облысы бойынша 716 (2024 жылы 7 айы — 575) жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді

Автор:admin

Авг 21, 2025

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,5%-ға өскен.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер саны 28,3% — ға артты (826дан 1060қадейін), оның ішінде жарақат алғандар саны 26,7% — ға өсті (708ден 897ге дейін), қаза тапқандар саны 38,1% — ға өсті (118ден 163ке дейін).    

Ең көп жол-көлік оқиғасы тіркелген аудандар,Жетісай — 107, Сайрам — 102, Түркістан қаласы — 93, Түлкібас — 46, Арыс — 45, Келес — 44, Төлеби — 36, Шардара — 33, Ордабасы — 32, Сауран — 30,Сарыағаш — 29, Созақ — 23, Отырар — 22, Қазығұрт – 21, Кентау қаласы — 19, Бәйдібек — 18, Мақтаарал 16.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы ережелерінің сақталмауы болып табылады, соның ішінде белгіленген жылдамдықтың асыра орындалуы және жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі.

Құрметті облыс тұрғындары, қонақтар және туристер Жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз.

Сондай-ақ, еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялық карта» бөлімінен қарауға болатынын еске саламыз.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің Түркістан облысы

бойынша департаменті

аң_мен_Тәртіп

#Закон_и_Порядок

Автор: admin