• 27 ноября, 2024 1:09 пп

3 жыл әкімшілік кедергіге ұшырап, сандалған халықтың мәселесі шешімін тапты.

Автор:admin

Авг 9, 2023

Ағымдағы жылдың 21 шілде күні Түркістан облысы әкімдігі ғимаратында 300-ге жуық өңір тұрғындарының қатысуымен қарсылық шарасы өтті.

Тұрғындардың қойған негізгі талап-тілегі: Осыдан 3 жыл уақыт бұрын «Яссы-Несие» ЖШС-нен төменгі пайызбен кепіл қою арқылы бірнеше шаруа қожалықтарының басшылығы, ауыл шаруашылығын және түрлі салаларды дамытуға арналған кредит алған.

Нәтижесінде шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер «Агрокредитік корпорация» АҚ-дан өздерінің берешектерін толық өтегендігіне қарамастан кепіл құжаттарын
3 жылдан бері ала-алмаған. Себебі «Яссы Несие» ЖШС шаруа қожалықтарының басшылығы кредит беру туралы жалған келісім жасау арқылы алаяқтық жолмен аса ірі мөлшерде қаражат иемденген.

Шілде айының 27 күні шаруа қожалықтарынан жиналған топ
Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ғимараты алдына жиналып, өздерінің созбалаққа салынған өзекті мәселелерін департамент басшылығына жеткізген.

Нәтижесінде 52 адамнан тұратын белсенді азаматтар «Яссы Несие» ЖШС басшылығы атына ұжымдық арыз жазды.

Департаментпен өңірдегі әлеуметтік ахуалды ушықтырмау мақсатында ұжымдық арыз негізінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес «Яссы Несие» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Аталған қылмыстық іс бойынша
сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа да мәліметтер жариялануға жатпайды.

Жоғарыда көрсетілген өзекті мәселелер департамент басшысы Е.Балғабаевтың басты назарында екенін жеткізе отырып, осы іске қатысты хабардар етілмеген арызданушылар болса Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінсеңіздер болады.

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі

Автор: admin