• 25 декабря, 2024 7:01 дп

400 АЕК КӨЛЕМІНДЕГІ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ОСАЛ ТОПТАРҒА АРНАЛҒАН

Автор:admin

Май 21, 2024

 

Шымкент қаласында биыл екі лек негізінде 426 адамның кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Алғашқы лек бойынша 20-31 мамыр аралығында өтінімдер қабылданып жатыр. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Жанат Өтебаева осылай деді.

Грантқа өтінім беру үшін төмендегі санат қатарында болуы қажет. Оларға – атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, көп балалы, оның ішінде балалардың ең үлкені 23 жасқа дейін жоғары оқу орны мен арнаулы орта кәсіптік колледжд студенті ретінде жәрдемақы алушы отбасылар, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар кіреді.

–Халықтың осал тобындағы азаматтар қайтарымсыз грант қаржысына шағын кәсіпкерілігін бастап, немесе дамытып, өзінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Қайтарымсыз грант қаржысы бір рет беріледі. Оның нысаналы мақсаты бойынша – қажетті еңбек құралдарын сатып алуға және технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттер, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алуға жұмсалуы тиіс.
Берілетін қайтарымсыз қаржының көлемі 400 АЕК (2024 жылы 3692х400=1 476 800 теңге), — деді басқарма басшысы.

Грантқа үміткерлер, яғни халықты осал тобына жататын азаматтар бірінші кезекте – «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқып, арнайы куәлік алуы тиіс. Алынған куәлік 3 жыл мерзімге жарамды. Екіншіден – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік тарапынан әзірленген «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде өтінім ұсынуы тиіс.

Биылғы жоспар бойынша грант қаржысы екі лекте беріледі. Алғашқы лекте 213 адамға және екінші лекте де 213 адам қайтарымсыз грант беріледі.

 

Автор: admin