• 16 сентября, 2024 7:24 пп

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – 2024!

Автор:admin

Сен 7, 2024

Адамзат өркениетінің мұрасы ретінде этноспортты және этномәдениетті дамытуға бағытталған, көшпенді халықтардың мәдени және рухани жақындасуына әсер ететін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары іс-шарасы аясында 2200 жылдан аса тарихы бар Шымкент қаласы көне қала тарихынан сыр шертетін «Ұлы Жібек жолы бойындағы көне Шымкент» атты құнды жәдігерлерден жасақталған көшпелі көрмесін ұсынады. Этноауылда 3 тақырыптық киіз үйлер қала тұрғындары мен қонақтары үшін үзіліссіз жұмыс жасайды.
Киіз үйлерде Шымкент қаласының ежелгі тарихынан хабар беретін, қазба жұмыстарынан табылған археологиялық артефактілер, «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінінің қорындағы жәдігерлерден жасалған көрме, қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттау мақсатында бұрым өру, беташар, бесікке салу, құрсақ шашу, қызды оң босағаға шығару дәстүрлерін көрсетіледі. Сондай-ақ, Шымкент қаласының туристік әлеуеті таныстырылып, қаланың ең үздік қолөнер шеберлерінің көрмесі жасақталады.
Ал 9 қыркүйек күні 16.00-де Этноауылдағы «Өнер Ордасының» бас сахнасында Шымкент қаласының өнерпаздарының қатысуымен «Шежірелі Шымкент» атты концерттік бағдарламасы өтеді. Халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы «Қазына» және «Яссы» би ұжымдарының қойылымдары, Қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Қаған» этно-фольклорлық ансамблінің шығармалары қойылып, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары, Республикамызға белгілі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген артисті Майра Мұхамедқызы өнер көрсетеді.
Шымкент қаласынан жеткен Ұлы дала дүбірін тамашалауға шақырамыз! Келіңіздер! Көріңіздер!

Автор: admin