• 30 октября, 2024 1:24 дп

«Шеврон» — 1873 жылы АҚШ-та құрылған ең ірі компания. Шеврон мұнай-газ өнеркәсібі қызметінің барлық салаларымен айналысады. Корпорация әлемдегі 90 мемлекетпен жұмыс жасап, мұнай мен газ өндіреді. Соның бірі – Қазақстан.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Шеврон Мұнай-Газ Корпорациясы арасында 1993 жылы келісімге қол қойылып, компания 30 жылдан бері мемлекетімізбен бірлесіп жұмыс жасауда. Ол Теңіз — Новороссийск мұнай құбыры мен Каспий мұнай құбыры консорциумын салу жұмыстарына белсене атсалысып, көптеген жылдардан бері мұнай өндіруші. Еліміздегі ең ірі инвесторлардың бірі, түрі жобаларға қатысушы. «Caravan of Knowledge» сол жобаларының бірі.

    Елімізде 2018 жылдан бері қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың басым бағыттарының бірі білім саласына жаңа серпін беру, білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту, жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіру.

    Caravan of Knowledge білім беру ұйымы. Ол Қазақстанда STEAM білім беруді, мұғалімдердің біліктілігін арттыруды және мектеп оқушыларына мектеп бағдарламасынан тыс білім мен дағдыларды үйретуді алға тартатын ұйым. Caravan of Knowledge түрлі тренингтер, курстар, семинарлар мен лекциялар өткізеді. Білім берудегі қажетті өзгерістердің бірі – шығармашылық ойлау. «Caravan of Knowledge» қатысушыларымен бірлесе отырып, оқытудың креативті әдістерін дамытып, инновациялық жобаларды жасайды. Жалғыз басқаларды үйрету қиын. Сондықтан олар пікірлес адамдарды, өзгерістерден, жаңа идеялардан қорықпайтын және басқалармен тәжірибе мен біліммен бөлісуге дайын белсенді мамандар жұмыс істейді.

   Jana Talap – сертификатталған STEAM тренерлерін оқыту бағдарламасы. Халықаралық және қазақстандық тәлімгерлердің жетекшілігі мен мұғалімдері STEAM білім беру әдістері мен принциптерін зерттейді, сонымен қатар өздерінің білім беру бағдарламаларын әзірлейді. «Жана талап» бағдарламасына 100-ден астам өтінім жіберілді.60 адам іріктеліп, оқытылды. 60 түлек STEAM әдістемесі бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. STEAM Research — жаратылыстану пәндері мұғалімдеріне               8-11 – сынып оқушылары үшін оларды негізгі әдістермен, құралдармен және сұрау түрлерімен таныстыратын арнайы оқу бағдарламасын әзірлеуге арналған гранттық бағдарлама. 420 өтінімнің ішінде 5 адам студенттерге арналған курсты жүзеге асыруға арналған оқу бағдарламасының грантыналды. STEAM Camp — ғылыми-шығармашылық лагері.STEAM Camp — мектеп оқушыларына (12 жастан 16 жасқа дейін) инженер, бағдарламашы, 3D визуализатор, зерттеуші, сәулетші және т.б. мамандықтарына есік ашу және көбірек жастарды STEAM аймақтарында білім алу, мансап құруға ынталандыру мақсатнда ұйымдастырылады. Лагерь Алматы мен Астанада өтті. Қатысушылар: 38. Ақылы негізде: 24 адам. Грант, жеңілдік және тегін бағдарлама бойынша: 14 адам қатысып, білім алып шықты. PRO.NRG Fest – 2023 жылдың 10 қыркүйегінде Оқушылар сарайында өткен ауқымды ғылыми және отбасылық фестиваль. Фестивальге 10 895 адам қатысты. Осы бағдарламалардың бәрі «Caravan of Knowledge» білім беру ұйымының ұйымдастыруымен өтті.

  Алматы қаласында «Zertte Studio» STEAM зертханасы ашылды. Жобаны «Caravan of knowledge» білім беру ұйымы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте ұйымдастырды. Zertte Studio – кез келген оқушы тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен қажетті техникалық дағдыларды игере алатын, конкурстар мен олимпиадаларға дайындалатын, шығармашылық және инженерлік идеяларын көп мектепте бола бермейтін жаңа жабдық арқылы іске асыратын бірегей зертхана. Бұл зертхана РФММ ғимаратында орналасқан және ол жерде кез келген мектептің оқушылары мен педагогтары осы мектептің педагогтары өткізетін сабақтарға қатыса алады. Бұл да «Caravan of Knowledge»білім беру ұйымының бір жетістігі.

Дінмұхаммед ӨМІРЗАҚ

   

Автор: admin