• 21 ноября, 2024 9:39 пп

Шымкент: шалғайдағы шағынаудандарға ауыз сумен қоса көгілдір отын және жарық жүйесі де тартылуда

Автор:admin

Ноя 3, 2023

Шымкент қаласының орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерді дамыту мәселесі басты назарда, деп хабарлайды JSK.KZ ақпараттық агенттігі. Батыс шағын ауданының тұрғындарымен кездескен қала әкімдігінің салаға жауапты басшылары осылай деді. Өткен жылы мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-гімен ұзындығы 151 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры тартылып, бүгінде 10 мыңға жуық тұрғын таза сумен қамтылып отыр. Мұндағы халық бұған дейін ауладағы құдық суымен және тасымалды суды пайдаланып келген. Шалғайдағы шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отын және жарық жүйесіде тартылуда. Бұл инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, батыстықтар сапалы электрге және көгілдір отынға қол жеткізеді. 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛҚЫН, ӘСІРЕСЕ, ШЕТКІ ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ТОЛЫҚТАЙ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ЫҚПАЛ ЕТУІМІЗ ҚАЖЕТ. Қаланың солтүстік бөлігіндегі жаңа шағын аудандарды дамытуға магистралды ауыз су құбырларының қуаты жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін 4 магистралды құбыр салу қажет. Осы мақсатта алдағы 5 жылда: ➢ Ауызсуды кесте бойынша алатын 25 мың тұрғыны бар 5 елді мекеннің және суды тасып ішетін 42 мың тұрғыны бар 6 елді мекен мәселесін толық шешуге ықпал етеді; НӘТИЖЕСІНДЕ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100 ПАЙЫЗ ТАЗА ӘРІ САПАЛЫ АУЫЗ СУДЫ ТҰТЫНАДЫ! Шымкент қаласының Абай ауданы аумағына 37 мыңнан астам халқы бар 10 елді мекен қосылып, ондағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Соның бірі – Алтынтөбе тұрғын алабы. Бұл елді мекен осы жылы сапалы сумен толық қамтылған. Ал, өткен жылы 8,1 шақырым болатын газ жүйесі тартылды. Осы жылы автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылғанда 1 231 тұрғын табиғи газбен қамтылады. Бұдан бөлек, биыл тұтынушыларды сапалы қуат көзімен қамту мақсатында электр желісін тарту және көшені жарықтандыру және екі көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Алтынтөбенің тұрғындарымен болған кездесуде қала басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы тұрғындардың игілігі үшін жасалып отырғанындығын, елді мекендегі өзекті мәселелер рет-ретімен шешілетіндігін айтты. Сонымен бірге, әкім газбен қамту мәселесіне баса назар аударып, АГРС-3 нысанын іске қосу бойынша тиісті жұмыстарды аяқтау және қоғамдық көлік аялдамаларын көбейтуді тапсырды. Сондай-ақ, қала әкімі Батыс шағынауданының тұрғындарымен де кездесу өткізді. Шымкент қаласының орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерді дамыту мәселесі басты назарда екендігі белгілі. Мемлекет басшысы әрдайым бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлап, олардың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруын басты назарда ұстайды. Тұрғандардың жайлы өмір сүруі үшін жасалатын жұмыстардың бірі – коммуналдық-инфрақұрылымды дамыту. Бұл мәселе Сіздер тұрып жатқан шағынауданда кезең-кезеңімен шешімін табуда, — қала басшысы. Өткен жылы мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-мен ұзындығы 151 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры тартылып, бүгінде 10 мыңға жуық тұрғын таза сумен қамтылып отыр. Мұндағы халық бұған дейін ауладағы құдық суымен және тасымалды суды пайдаланып келген. Шалғайдағы шағынауданға ауыз сумен қоса көгілдір отын және жарық жүйесі де тартылуда. Бұл инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, тұрғындар сапалы электрге және көгілдір отынға қол жеткізеді.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin