• 24 ноября, 2024 7:47 дп

Шымкент қаласында инфрақұрылымды дамыту кезек күттірмейтін мәселе

Автор:admin

Ноя 4, 2023

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков 2023 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізген болатын. Басқарма басшысы есепті кезеңде жылу маусымына дайындық, инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы, көшелерді жарықтандыру бойынша жүзеге асқан жұмыстарды баяндады. Басқарма басшысының мәліметінше, қаланың 23 бөлек орналасқан жылу қазандығы мен орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясы жылу маусымына дайындалып, бүгінгі таңда өз қызметьтерін толықтай атқарып отырған көрінеді. 2023 жылы жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында жергілікті және республикалық бюджеттен 17,4 шақырым жылу желілерін жөндеуге 5,0 млрд теңге қаржы қаралған болатын. Бұл қаржы Шымкент қаласының тұрғындарын жайлы ортаны қалыптастырып, қала тұрғындарының әл-ауқаты мен жағдайын жасауға бағытталды.  Жергілікті бюджеттен 3,2 млрд теңгеге 8,7 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ал республикалық бюджеттен 1,8 млрд теңгеге 2 жобаның (қайта құру) құрылыс жұмыстары толық орындалды. – 10 айдың қорытындысы бойынша Тұран шағынауданы (2-3 кезек), Бозарық 74 га, Асар-2, Сәуле, Ақтас-1 және Арғымақ шағынаудандарында табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары аяқталып, 5 085 абонент табиғи газбен қамтылды. Жыл сонына дейін 3 елді мекен – Ақтас-2, Ақжар және Нұртас шағынауданы (1 120 абонент) табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде табиғи газбен қамту көрсеткіші 94 пайыздан 96 пайызға өседі. Жалпы қысқы жылыту маусымына толық дайынбыз. Бүгін түнгі сағат 00:00-де жылу энерго орталықтан жылу беруді бастаймыз, – деді Мақсат Қабделұлы. Сонымен қатар, шаһарда электр жарығымен қамтамасыз ету бағытында 3 елді мекенде (Батыс, Қайнарбұлақ, Нұрсәт) ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде 20 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды. Сапалы ауыз сумен қамту бойынша жыл қорытындысымен 6 нысан пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 72 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin