• 24 ноября, 2024 8:43 дп

Шымкент қаласы: жолда жүргендер – жолдың қадірін беледі  

Автор:admin

Ноя 4, 2023

    Шымкент қаласында жол мәселесі инфрақұрылымды дамыту шаралары мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде дамыту жұмыстары жүргізіліп келеді. Шаһарымыз аглемарациялы қала болғандықтан шетккі аймақтардың дамуы олардың жол мәселесі Шымкент қаласының әкімідігінің назарынан тыс қалмай, күн тәртібінен түсірмей кезең-кезеңімен жүзеге асырып отыр. Сапалы әрі тегіс жолдар – мегаполистегі жайлы өмірдің ажырамас бөлігі екені баршаға аян. Жолдардың заманауи талапқа сай болуы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен шаһардағы көлік кептелісін азайтуға оң ықпал ететіні анық. Сондықтан, бүгінде Шымкент қаласының әкімдігі жол-көлік инфрақұрылымын дамытып, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін ұлғайтуға ерекше назар аударып отыр. Соның айғағы ретінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында 2024 жылы жалпы ұзындығы 6,8 шақырымды құрайтын 28 көшені асфальттап, 4,3 шақырымды құрайтын 12 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жоспарланғанын айта аламыз. Қазіргі кезге дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 25 көше орташа жөндеуден (асфальтталды) өтті. Қалған 3 көшеге асфальт төсеу үшін дайындық жүріп жатыр. Ал 12 көшеге шағал тас төселіп бітті. Айта кетейік, биыл жалпы Шымкент қаласы аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол. Бұл жолдардың асфальт үлесі 63,6 пайызды құрайды. Ал қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5 пайызы шағал тас төселген көшелер. 2023 жылдың 10 айлық қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. Ал, 2024 жылы 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 67,4 пайызды құрады. Биыл бұл көрсеткішті 71,2 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 256,3 шақырымды құрайтын 152 нысанда немесе 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал, 2024 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin