Шымкент қаласы күннен-күнге өсіп, құлашын кеңге жайып тұрақты әрі тез дамып келе жатқан мегаполистердің бюірі. Қаламызға Республикалық маңызы бар қала стаутысы берілгелі бес жылдың жүзі болды. Бес жылда атқырылып жатқан жұмыстар аз емес, атқарылатын жұмыстарда жоқ дей алмаймыз. Барлығы кезең-кезеңімен бағытталып мемлекеттік индикаторларға сәйкестендіріліп жасалып жатыр. Шымкент қаласы Оңтүстіктегі өз орнын қалыптастырған қалалардың бірі. Инфрақұрылым мәселесі өзекті. Сондықтан да қалаға біріктірілген бес ауданның мәселелері республикалық комиссияның алдында шығарылып, қаланың басты жоспарына сәйкес даму жолдары қарастырылғаны баршамызға мәлім. Бүгін біздің jsk.kz ақпараттық агенттігіміз шымкент қаласының орталық аудандарының бірі еңбекші ауданы жайында сараптамалық мақала жазған болатын. Және мақаламызда Еңбекші ауданының инфрақұрылым мәселесі атқарылған жұмыстары жайында кеңінен тоқталатын боламыз. Шымкент қаласы Еңбекші аудынында 35 шағынаудан мен тұрғын алап болса, оның басым бөлігі инфрақұрылыммен қамтылған, деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтқан болатын. Оның сөзінше, жыл соңына дейін ауданда ауыз сумен қамту 94,4%болса, сапалы электр жүйесімен қамту 95,2%-ға, ал табиғи газбенқамту 86,4%-ға жеткізіледі. –Аудан тұрғындарының ауыз сумен қамтылмаған 5,6 пайызын ауыз сумен қамту жұмыстары келер жылы жүргізілсе, қазіргі таңда Жалын тұрғын алабында 566 абонентке, Жұлдыз т/а-ның жаңақұрылысында 484 абонентке, Қарабастау т/а-ның жаңақұрылысында 750 абонентке, жалпы1800 абонентке сапалы электр желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге биылБадам (195 орам) ш/а 331 абонентке газ жүйесі жүргізілді. Бүгінде тұрғындардың газ жүйесіне қосылу жұмыстары жүргізілуде, — деді Д.Есілбек. Тікелей эфир барысында жолдардың жағдайын жақсарту үшін осы жылы 57 көшеге (58,9 шқ.) орташа жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып, қазіргі таңда 19 көшені асфальттау жұмыстары аяқталғанын және 38 көшеде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Еңбекші – Шымкент қаласы аумағындағы халқы тығыз орналасқан аудан. Жұмысы жүйелі, көрсеткіші жоғары ауданның экономикасы жылдан жылға өркендеп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаланың дамуына өз үлесін қосуда. Жаңа Бас жоспарға сәйкес «Жұлдыз», «Қазығұрт», «Бадам»,
«Қаратөбе», «Сайрам тұрғын алаптарынан 21 елдімекен қосылып, аумағы
кеңеюде. Қазір халық саны 322 мыңға өсіп отыр. Халық саны артқан сайын әлеуметтік мәселелердің қордалана түсетіні сөзсіз. Біз осы бағыттағы атқарылған жұмыстардың қалай шешіліп жатқанын білу үшін аудан әкімдігіне бас сұқтық. Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің Досалы Амангелдиевтің айтуынша, шаһарға қосылған барлық
елдімекендерді аралап, тұрғындардың арасында түсіндіру жұмыстарын
жүргізіпті.
Jsk ақпарат орталығы