• 24 ноября, 2024 7:18 дп

Шымкент қаласы: «Мирас» шағын ауданы кәріз жүйесімен толық қамтылды

Автор:admin

Ноя 5, 2023

Биыл Шымкент қаласы Мирас шағын ауданы кәріз жүйесімен толығымен қамтылды, деп хабарлайды JSK.KZ. ақпараттық агенттігі. Қаратау ауданына қарасты Мирас шағын ауданының аумағы 330 гектарды құрайды. Мыңға жуық отбасы қоныстанған шағын ауданда 4410 адам тұрады. Мұнда 35 көше болса, осы жылы атауы жоқ 14 көшеге атау берілген. Биылғы жылы атауы жоқ 9 көшеге атау беру және атауы қайталанатын 1 көшенің атын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Мирас» шағынауданындағы тұрғын үйлер мемлекеттік электр жарығымен 100% қамтылған. Ондағы мыңға жуық отбасыға сапалы ауыз су толық берілген. Шағын аудандағы барлық тұрғын көгілдір отынға қосылған. Өткен жылы кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары басталған. Құрылыс жұмыстары биылда жалғасын тауып, жыл соңында аяқталады. Осылайша кәрізбен қамту дәрежесі 100% болады деп күтілуде. Осы жылы Кеме қалған мен Қарабура көшелеріне жарықтандыру бағаналары орнатылған болса, биыл Мирас пен Жібек жолы көшелері жарықтандырылатын болады. Шағын аудандағы 7,8 шақырым жол, яғни 23 көше асфальтталған, ал 12 көшеге шағал тас төселген. Кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары толық ақталғаннан кейін қазылған көшелерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Еңбекші ауданына қарасты Мирас шағын ауданында 8 мыңға жуық тұрғын қоныстанған. Шағын ауданда 10 балабақша бар. Ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, интернетпен толық қамтылған. Ал биыл кәріз жүйесінің құрылысы басталады. Бұл туралы қала әкімдігінің салаға жауапты басшылығы Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды. 39 көшенің 16-сы асфальтталған, қалғанына шағал тас төселген. 2024 жылы -Шапағат, Гүлстан, Жаужұмыр, Жаушықұм, Жетітөбе, Алтынтау, Өтеген, Тұлпар, Желдіқара, Алтынайдар, Барсығанкөл көшелеріне, 2025 жылы – Дарын, Азаттық, Өркен, Әлем, Көкбұлақ, Маятас, Ескіөзен, Бүркіт, Алтын су, Каскасу, Шоқтал, Өтегенбұлақ көшелеріне асфальт төселеді. Екі көше жарықтандырылған. 2023-2025 жылдары 6 көшеге жарықшамдар қойылады. Олардың қатарында Жаңа жол, Дербес, Қаскасу, Азаттық, Өркен, Мәртөбе көшелері бар. Шымкент қаласы еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан ең ірі аглемерациялы қаласы. Шаһарымыздың дамуының алғышарттарына сәйкес қаламыздың бас жоспарына сәйкес «Мирас» шағын ауданына инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары тоқтаған емес.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin