• 24 ноября, 2024 9:59 дп

Шымкент қаласы Тұран ауданында атқарылған жұмыстар қандай

Автор:admin

Ноя 5, 2023

Шымкент қаласы қздеріңізге белгілі бес ауданнан тұрады. Бес аудан аглемарциялы формада бір қалаға біріктіріліп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы Республикалық маңызы бар қалаға айналды. Бүгінде шаһарымыздың бас жоспары үкіметпен бекітіліп, мемлекеттік индикаторларға сәйкес даму қарқындылығын алды. Ал аудандардың өз даму перспективасы бар екендігін естен шығармауымыз керек. Сол перспектваға сәйкес қаланың даму көрсеткіштері жоғары бағаланып, халықтың әл-ауқатын арттыру жұмыстары белсенділікке бастайды. Ал енді қаламыздың Тұран ауданына ойыссақ. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңадан құрылған Тұран ауданы тұрғындарымен кездескен болатын. Шаһар басшысы тұрғындарға атқарылар жұмыстардың негізгі басым бағыттарынан хабардар етіп, азаматтардың мәселелерін тыңдады. Алдымен аудан әкімі Боранбай Болатбеков өткен 10 айда атқарылған жұмыстардың барысын баяндады. Тұран ауданында 220 мыңнан аса тұрғын бар. Ауыз сумен және электр жарығымен қамту 99,5 пайыз, ал табиғи газбен қамту көрсеткіші 95,5 пайызды құрайды. Ауыз су және электр желісімен қамтуды келесі жылы 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Табиғи газ мәселесі 2025 жылы толық шешіледі. Өткен жылы 17 көше жарықтандырылса, биыл 22 көшені жарықтандыру жоспарда. Қазіргі уақытта ауданда жоспарға енген 22 көшенің 12-де жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Биыл 39 көшеге (32,3 шақырым) орташа жөндеу (асфальттау) жұмыстары жүргізілуде. – Бұған дейін төрт ауданның тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдадым. Бүгін сіздермен танысып, көкейлеріңізде жүрген мәселелерді өздеріңізден естіп, жұмысты жүйелеу үшін келіп отырмын. Жаңадан құрылған аудан болғандықтан әлі де шешімін таппаған мәселе көп. Барлық сала бойынша мәселелер кезең-кезеңімен, бюджетке байланысты шешіледі. Қазіргі уақытта тұрғындар тарапынан ең көп көтерілген мәселелерден хабардармын. Енді осы бағытта бірлесе жұмыс істейміз, – деді қала әкімі. Жиында тұрғындар инфрақұрылыммен қамту, қоғамдық көлік және аулаларды абаттандыру, әлеуметтік мәселелер бойынша талап-тілектерін жеткізді. Атап айтқанда, Жаңаталап елді мекені тұрғындары жарықтандыру мәселесін көтерсе, Самал-1 шағынауданы тұрғындары демалыс орны қажеттігін, Ақтас шағынауданы тұрғындары балабақша, қоғамдық көлік мәселесін шешуді сұрады. Сондай-ақ, көшелерді асфальттау, атау беру, ирригация жүйелерін орнату, әлеуметтік мәселелер де айтылды. Қала әкімі әр тұрғынның мәселесін тыңдап, нақты жауаптар берді. Тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin