«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін әзірленген Жол картасының орындалуын бақылау мақсатында бүгін «Ұлт денсаулығы» мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев кеңес құрамына жаңадан қабылданған мүшелерді таныстырып өтті. Олар: Ә.Қ.Тулебаев — Шымкент қаласының бас санитар дәрігері, А.У.Омар — Шымкент қалалық №3 емхананың бас дәрігері, А.Ә.Донбай — Шымкент қалалық №1 аурухананың бас дәрігері және Е.Қ.Сәлім — Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы.
Сонымен қатар, кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев өткен 2021 жылы атқарған жұмыстарының есебін беріп, кеңестің 2022 жылы атқаратын жұмыстарын баяндады.
Кеңестің өткен жылғы атқарған жұмысына кеңес мүшелері тарапынан жылы пікірлер айтылып, 2022 жылдың жұмыс жоспары бектілді.
Jsk ақпарат