• 16 января, 2025 5:12 пп

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы: бірқатар шалғай елді мекендерге жол жөндеу жұмыстары жүргізілді

Автор:admin

Ноя 11, 2023

Шымкент қаласы мегаполис атанғалы бес жылдың жүзі болды. Осы аралықта қалаға жаңадан қосылған елді мекендердің саны екі есеге артқан болатын. Қала аумағы ұлғайған сайын оның мәселелері де көп болатындығы баршамызға белгілі. Ал тұрғындарды қазіргі таңда қандай сұрақтар жиі мазалайтындығына көз жүгіртсек. Әрине, қаламыздағы басты өзекті мәселелердің бірі ол көшелерге асфальт төсеу жұмыстары.  Осы орайда қаламыздағы Еңбекші ауданында бүгінде Базарқақпа елдімекенінде бірқатар көше асфальттелуде. Ал Қараөткел көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Асфальтбетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 0,9 шақырымды құрайды. Заманауи құрылғылармен жабдықталған жылжымалы зертхана арқылы асфальт қабатының тығыздығы мен сапасы, қолданыстағы материалдардың талапқа сәйкестігі тексерілді. Жыл соңына дейін аумақтағы 6,6 шақырымды құрайтын 11 көшеге асфальт төсеу жоспарлануда. Олар: Атауы жоқ No1,2,3,4,5, Кеңгір, Қараөткел, Балқан, Алай, Қызылата, Сазқұндыз көшелері. Биыл жалпы қаладағы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Айта кетейік, биыл Шымкентте жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2%-ға жеткізу жоспарлануда. Жалпы Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол. Бұл жолдардың асфальт үлесімен 63,6% пайызды құрайды. Ал қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5% пайызы шағал тас төселген көшелер. 2023 жылдың 10 айлық қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. 2024 жылы 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2023 жылдың 10 айлық көрсеткішіне сәйкес  67,4% пайызды құрады. Бұл көрсеткішті 2024 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 256,3 шақырымды құрайтын 152 нысанда немесе 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал, 2025 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда. 2024 жылы Қорғанкөл, Белсаз, Берен, Шауғар, Көкжал, Шұбартау, Қыз Жібек, Шохбутова, Тайбурыл, Темірші көшелері асфальтталады деп күтілуде.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin