• 16 января, 2025 7:11 пп

Шымкент қаласы: Қайнарбұлақтықтарға 2024 жылы табиғи газ берілмек

Автор:admin

Ноя 13, 2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың барынша көп бөлігін табиғи газбен қамтуды бізге басты міндет етіп қойып отыр. Осыған байланысты газ тасымалдау инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарып келеміз. Шымкентте іске қосылып отырған жаңа станция соның жарқын көрінісі. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы мамандарының мәліметінше, бүгінде қала бойынша абоненттер сағатына 250 мың текше метр табиғи газ пайдаланады. Ал оларға бұған дейін газ жеткізіп келген екі АГРС-тің жиынтық қуаттылығы сағатына 180 мың текше метрді құрайтын. Осыған байланысты, әсіресе, жылыту маусымы кезінде газ қысымы бәсеңдеп кететіні жасырын емес. Осы келеңсіздіктің алдын алу мақсатында жаңа абоненттерді көгілдір отын желісіне қосуға уақытша мораторий жарияланған да болатын. Жаңа станцияның іске қосылуымен ол шектеу алынып тасталды.
– Тұтынушылармен техникалық шарт жасасуға жарияланған мораторийдің күші жойылды. Содан бері 5 мың абонентпен шарт жасалған. Енді сол абоненттерге, жалпы, қаладағы жаңадан ішкі жүйелер жүргізілген барлық елді мекендерге газ беруге мүмкіндік туындап отыр. Себебі, осы жаңа бір станцияның өзінің қуаттылығы сағатына 250 мың текше метрге жетеді.   Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков мәлім етті. Қазір шаһардағы 81 елді мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтылған. Құрсай, Сайрам және Қайнарбұлақ тұрғын алабының тұғындары суды белгіленген кесте негізінде пайдаланып отыр. Осы аталған үш елді мекенде құрылыс жұмыстары І-ІІІ кезең аралығында жүргізіліп жатыр. Басқарма басшысының айтуынша, жылдың соңына дейін алты нысан пайдалануға беріледі екен. –Ауыз су құбырын тарту бойынша 6 нысанда құрылыс жүргізіліп жатыр. Нысандар 2023 жылдың соңына дейін пайдалануға берілсе, қала аумағын тіршілік нәрімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек. Мемлекеттік жүйедегі электр қуатын тарту құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Қаламыздағы 81 елді мекеннің 79-ы сапалы электрмен қамтылған, 2 елді мекен жекеменшік трансформатордан жарық алып отыр. Төрт елді мекенде ішкі жүйелер, қосалқы станция мен электр тарату бекетінің құрылысы басталып кетті, — деді басқарма басшысы. Шымкентте 27 елді мекенге табиғи газбен жартылай қамтылған. Төрт елді мекен, атап айтқанда Қайнарбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, Сәуле 276 орам және Айкөл мүлдем қамтылмаған. Биыл құрылысы 2023 жылдан өтпелі елді мекендерде жұмыс аяқталады деп жоспарланған. Олар: Тассай, Тұран шағынауданында ІІІ кезек, Асар-2, Сәуле, Солтүстік саяжай және Бозарық шағынаудандары. Жуырда Нұртас пен Ынтымақ-2 шағынауданына газ тарту үшін мердігер мекеме анықталды. Нұртасқа газ биыл беріледі. Ал, Ынтымақ-2-нің жұмысы 2024 жылға өтпелі. Сондай-ақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен саяжайын табиғи газбен қамту құрылысы екі кезеңде жүзеге асып жатыр. –Қайнарбұлақтағы І-кезең құрылыс биыл аяқталса, ІІ-кезеңнің жұмыс 2024 жылға өтпелі. Десе де, ІІ-ші кезеңнің құрылысы келер жылы толық аяқталып, пайдалануға тапсырылған соң ғана тұрғын алап пен саяжайға бірдей газ беріледі, — деп М.Ердембеков өз сөзін толықтырды.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin