• 23 ноября, 2024 8:26 дп

САЯСИ РЕФОРМАЛАР – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

Автор:admin

Ноя 28, 2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған саяси реформалары – елді демократияландырудың ең басты алғышарты. Ел өміріне ауадай қажет саяси шешімдердің өз кезегінде қолға алынуы өте құптарлық. Жаңа Қазақстан құрудағы ең басты өзгеріс әуелі Мемлекет басшысының өзінен басталғанын басым айту қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауы Қазақ елінің жаңаруын айшықтап, қайта өрлеудің басты бір нышанына айналды.

Елде референдум өтіп, қабылдаған реформаларды іске асыру жұмысы бірден қолға алынды. Президент сайлауын өткіздік, Ұлттық құрылтай құрылды. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар ел ішінде ғана емес, шет елдерде де талқыланып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.
«Біздің болашағымыз – айқын, нақты жоспарымыз бар. Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы – билік институттарын жаңарту жұмысының қорытынды кезеңі. Осылайша, билік жан-жақты реформаларды жалғастыру үшін жаңа сенім мандатына ие болады. Елімізді дамыту жолында тың бастамалар көтеріп, оны табысты жүзеге асыру – басты міндет. Қазір жетістікке мәз болып отыратын заман емес. Жұмысты тың қарқынмен жалғастыру керек», деді Президент.
Осылайша, Президент бастамалары іс жүзінде нәтиже беріп, әр тұрғын армандаған Әділетті Қазақстан құру жолындағы қадамға серпін беретін болады. Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалдаманың негізінде ел тұрғындарының 71,7 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп есептейді. Ақпан айындағы өңірлік мониторинг бойынша ауыл тұрғындары арасында – 75,1, жастар арасында 78,4 пайыз нәтиже саяси жаңаруға оң баға берген.
Мемлекет мықты, мемлекеттілік мәңгілік болуы үшін оның ауырлығы да бір тұсқа шоғырланбай, теңгерімді түрде тең бөлінуі шарт. Қ.Тоқаевтың Қазақстанды суперпрезиденттік басқару форма-сынан Парламенті мықты президенттік елге айналдыруға бекінуі, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын жүзеге асыруы саяси жүйедегі тепе-теңдік және тежемелік механизмдерін елеулі түрде нығайта түсті.
Сейдулла САДЫҚОВ,
ХҚТУ-нің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор

Автор: admin