ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарыаймақтарды аралап, тұрғындармен кездесу өткізуде. Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыстықмәслихат депутаттары Д.Абіш, Ғ.Раймбеков, Б.Серманизов өңірге арнайы келген халыққалаулыларымен кездесіп, пікір алмасты.
Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары – ҚайратБалабиев, Темір Қырықбаев, Ерлан Әбдиев, Қазыбек Иса және Нұрлан Әуесбаевпен кездесіп, облысты дамыту мәселелерін талқылады.
Депутаттар тұрғындарды қабылдау нәтижесітуралы ой қозғап, олар көтерген мәселелерге, өтініштерге тоқталды. Ағын су, баспанамен қамту, «Жайлы мектеп» жобасы, жайылым, әлеуметтікнысандар, инфрақұрылым тарту, көші-қонжұмыстары бойынша ой бөлісті.
Дархан Сатыбалды облысты дамыту бағытындақолға алынған жобалар мен жоспарлардыбаяндады. Халық қалаулылары өңірде атқарылыпжатқан жұмыстарға оң бағаларын беріп, ел мүддесін қорғау жолында бірлесе жұмыс атқарудыжалғастыра беретіндерін жеткізді.