• 23 ноября, 2024 4:53 дп

Мұнай бағасы түссе, ел экономикасын қай салалар асырайды?

Автор:admin

Янв 15, 2024

Экономист Мақсат Халық қазіргі таңда ел экономикасының айқын бағыты жоқ екенін айтады. Оның айтуынша, мұнайдың бағасы түсіп кеткен жағдайды экономиканы ұстап тұратын бірнеше сала қажет, деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі

Ел экономикасының қазіргі жағдайына қарайтын болсақ, бағыт-бағдары әлі де түсініксіз. Үкіметтің жүйелі әрі тиімді моделі жоқ деуге болады. Өйткені еліміздегі соңғы қабылданған жобалар Ұлттық жобалар болып бекітілген еді. Алайда қазір сол жұмыстар мағынасын жоғалтып жатқанын көріп отырмыз. Демек 10-15 жылдан соң Қазақстан экономикасының қандай бет-бейнесі болады? Міне осы мәселені жоспарлау бүгінгі таңда күн тәртібінде тұр, — деді сарапшы.

Оның айтуынша, экономика тек бір нәрсеге байланып қалмауға тиіс.

Күндердің күні мұнайдың бағасы түсіп кететін болса, Қазақстан экономикасын алып шығатын балама бірнеше сала болуы керек. Менің ойымша, олар — өңдеуші өнеркәсіп саласы, туризм, агроөнеркәсіп кешені. Сондай-ақ елімізде жасыл энергетика көздерін дамытуға болады. Бұл қатарда IT саласы мен көлік-логистика саласы тиімді болмақ. Осы салаларға басымдық беретін болсақ, ел экономикасын алдағы жылдары біраз деңгейге көтереуге болады, — дейді экономист.

Автор: admin