• 21 ноября, 2024 7:26 пп

Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!

Автор:admin

Фев 5, 2024

4 ақпан күні Байтұрсынов пен Мәделі қожа көшелерінің қиылысында диаметрі 159 мм жылу құбырынан ақау шығуына байланысты қазба жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.

Ретке келтіру жұмыстарын жүргізу үшін «К-24» қазандығынан жылу алатын Әлімбетов көшесі № 45 «Б», Мәделі қожа көшесі № 48, Қонаев даңғылындағы № 63 көпқабатты тұрғын үйлер уақытша жылу жүйесі мен ыстық судан ажыратылды.

Қазіргі уақытта «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның мамандары тарапынан 4 бригада және 5 техника жасақталып, қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.

Сондай-ақ Тұран-1 мөлтек ауданындағы № 36 және № 26 көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін ішкі орамдық жылу желілерінде (диаметрі 133 мм) ақау шыққанына байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақауды қалпына келтіру үшін Тұран-1 ш/а 359/26, 359/28, 359/36, 359/31, 359/30 көпқабатты тұрғын үйлер уақытша жылу жүйесінен және ыстық судан ажыратылады.
Қазіргі таңда «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның мамандары тарапынан қалпына келтіру жұмыстары жасалуда.

Айта кетейік, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ақау шыққан екі нысанға арнайы барып, жағдайды біліп, бақылауына алды.

Оған қоса, тиісті аудан әкімдігі және «Қуатжылуорталық-3» МКК-ы тарапынан аталған үйлердің тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Автор: admin