• 22 ноября, 2024 1:44 дп

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық.

Автор:admin

Фев 19, 2024

Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. «Білімді ұлт» жобасының келесі кейіпкері Тиликбаева Гулшынар Тулеубаевна. Д. А.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мүғалімі. Бүгін Гүлшынар ханымының НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ тақырыбында жазылған мақаласын назарыңызға ұсынамыз.

Мектеп — білім теңізіндегі үлкен кеме болса, ұстаз оның бағдаршысы, бала жанының шырағданы. “Мектептің жаны-мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақ” деп Ахмет Байтұрсынұлы бір ғасыр бұрын ұстаз есімінің бәрінен жоғары екенін дәлелдеп кеткен. Саналы ұрпақты тәрбиелеп, сапалы білім беруде ұстазға артылатын міндет пен жауапкершілік мол. Ұстаздың мәртебесін асқақтатып, жұлдызын жағатын, тәлім мен тағылымын қалыптастырып, таным көкжиегін кеңейтетінде — осы қағидаттар. Киелі мамандықтың тізгінін ұстаған жандардың қоғамдағы беделі әуел бастан жоғары болған. “Мектеп-кеме, білім-теңіз” десек, еліміздің болашағын білімді жастармен толықтыратын, өскелең ұрпақ бойына адами қасиеттердің асылын сіңіретін, қоғамдық көзқарастарының оң болып қалыптасуына сеп болатын, дұрыс тәрбие беретін де — осы ұстаздар.
ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың заманы. Кітап оқығанның беделі артып, ұлт ұясының тұтқасы болатын кез. Бүгінгі мектеп оқушылары- ертеңгі ел тізгінін ұстайтындар екенін әсте естен шығармағынымыз абзал. Білім — кез-келген елге шырақ, бағыт-бағдар беруші екенін ескерсек, білімнің қайнар көзі — мектеп. 2024 жылы пайдалануға берілген Д.А.Қонаев атнындағы жалпы орта мектебі, аз уақыттың ішінде қаламыздағы іргелі білім ошағына айналып үлгерді. Бүгінгі күні 1300-ден астам оқушы сапалы білім мен тәрбие алып жатыр. Мектепте білім алушылар мен қасиетті мамандықты иеленген абзал жандар үшін материалдық-базалық барлық жағдай жасалған. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашу мақсатында пән мұғалімдері соңғы заманауи әдіс-тәсілдерді барынша меңгеріп, сабақ барысына жан-жақты қолданылып жүр.
Мен, математика пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Гулшынар Тиликбаева, білім сапасын арттыру, түпкі нәтижеге бағыттау мақсатында сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді, қосымшаларды жиі қолданып келемін. Атап айтқанда, топтық, жұптық тапсырмаларды ұсыну, жеке тапсырмалармен жұмыс, сәйкестендіру тапсырмалары, зейінді сабаққа аудару мақсатында «Мюсембург», «Адасқан әріптер» әдістері, оқушылардың креативті ойлауын қалыптастыруда түрлі «Пиццериялар», «Тарсия» әдістері, learningapps.org, quizizz.com платформаларында түрлі танымдық тапсырмаларды қолдансам, GeoGebra қосымшасының көмегімен функция графиктерін оңай әрі тез орындау арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту мақсатында тапсырмаларды жиі ұсынып отырамын. 10 «Б» сынып оқушыларымен ақпан айында “Тригонометриялық функциялардың туындылары” тақырыбында ашық сабақ өткіздім Ашық сабақта тақырыпты айқындау, оқушылардың зейіндерін толық сабаққа аудару мақсатында «Мюсембург» әдісі арқылы сабақ тақырыбы айқындалды. Келесі кезеңдерде «Туынды» пиццериясы арқылы жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындалды. Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бағытында оқушылар тапсырмадағы геометриялық, физикалық шамалар арасындағы байланыстарды ажырата білді. Сабақты бекіту мақсатында «Тарсия» әдісі қолданылды. Сабақ соңында «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жасалып, оқушылар толықтай бағаланды.
Білім беру саласында еңбек етіп жатқаныма 25 жылдай уақыт болды. Соңғы жылдардағы жетістіктеріме тоқталып өтейін. Былтырғы оқу жылында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ұйымдастырған Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері комбинациясы бойынша қалалық және облыстық пәндік олимпиада жеңімпазы дайындағаным үшін Алғыс хатпен марапатталдым.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ұйымдастырған Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері комбинациясы бойынша қалалық және облыстық пәндік олимпиаданың Математика-физика бейіндік пәндерінің жеңімпазы 11А сынып оқушысы Төлеген Динара жүлделі 1-орынды иеленіп, университет грантын жеңіп алды.
Сонымен қатар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау» Қоғамдық қоры ұйымдастырған «Жастардың ғылыми революция әлеміндегі ғылыми шығармашылығы» атты оқушылар мен студенттерге және жас ғалымдар мен жас зерттеушілерге арналған ХІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына 11А сынып оқушысы Абдиқадир Асылзат қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XV Президенттік олимпиадаға 11 А сынып оқушысы Төлеген Динара қатысып жүлделі 3-орынды иеленді.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау» Қоғамдық қоры ұйымдастырған «Жастардың ғылыми революция әлеміндегі ғылыми шығармашылығы» атты оқушылар мен студенттерге және жас ғалымдар мен жас зерттеушілерге арналған ХІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конфернциясына жеңімпаз дайындағаным үшін Мадақтамамен марапатталдым.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсына қатысып сертификатқа ие болдым,
Биылғы оқу жылында «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау» Қоғамдық қоры, академик Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті, «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» мен Орталық Азия инновациялық университеті ұйымдастырған Мектеп оқушылаына, колледж студенттеріне, жас зерттеушілер мен жас ғалымдарға арналған «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты ХIІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына Қарсыбай Амина қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мұғалімдер мерекесіне орай Қалалық кәсіподақ тарапынан Алғыс хатпен, «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау» Қоғамдық қоры, академик Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті, «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» мен Орталық Азия инновациялық университеті ұйымдастырған Мектеп оқушылаына, колледж студенттеріне, жас зерттеушілер мен жас ғалымдарға арналған «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты ХIІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына жеңімпаз дайындағаным үшін Мадақтамамен марапатталдым.
«Өрлеу» БАҰО ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панаромасы» байқауының өңірлік кезеңінде «Математикалық сауаттылық» бағыты бойынша 3-орын алдым.
Оқушылардың шығармашылық дарынын ашып, білім сапасын арттыруда заманауи әдіс-тәсілдер, көрнекіліктер мен интернет ресурстар кеңінен қолданылып білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру бүгінгі күннің басты талабы. Осы арқылы білім сапасын артыру мұғалімдердің де кәсіби қарым-қабілеттерін, шеберліктерін шыңдайды деген ойдамын. Өз ойымды Д.А.Қонаевтың «Өмірдің екі тірегі бар. Үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау»- деген сөздерімен аяқтағым келді.

Автор: admin