• 21 ноября, 2024 7:58 пп

ШЫМКЕНТТЕ САЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ 4%-ДАН 2%-ҒА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕДІ

Автор:admin

Фев 23, 2024

🔷 Кәсіпкерлерді қолдау шаралары Мемлекет басшысының үнемі назарында. Президент Жолдауында салық төлеушілердің міндеттемеден жалтаруына тосқауыл қою үшін шарттарды жеңілдетуді тапсырды.

🔷 Осыған байланысты қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бөлшек салықтың арнайы салық режимінің мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Салық мөлшерлемесін 50% -ға дейін төмендету кәсіпкерлікті көлеңкелі экономикадан шығаруға мүмкіндік береді.

🔷 Айта кету керек, мемлекет бизнеске барынша қолдау көрсетуде. Қалада шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны қарқынды өсуде. Соңғы 5 жылда қалада белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің саны орта есеппен 20%-ға өсіп, бүгінде 130 мыңға жетті. Нәтижесінде шағын орта бизнес үлесі жалпы өңірлік өнімде 40% -дан 50% -ға дейін ұлғайды.

Автор: admin