• 22 декабря, 2024 7:53 дп

ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒЫС КЕРУЕНІ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Мар 1, 2024

🔷 Ынтымақтастық пен ізгілікке, татулық пен бірлікке бастайтын бұл күні қалада « Алғыс айту – асыл қасиет» атауымен түрлі форматта мерекелік шаралар өтуде.  Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен Әл-Фараби алаңынан Достық үйі жанындағы  «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне қарай «Алғыс керуені» жолға шықты.

🔷 Екі түйе, 10 аттан құралған керуенді басқармаға қарасты мекемелердің  әртістері бастап келді. Керуен қоржынындағы ұлттық тағамдар қаламыздың дамуына атсалысқан түрлі сала қызметкерлеріне, тұрғындарға

мерекелік тарту ретінде үлестірілді. Сән-салтанатты керуенді күтіп алу рәсімі мерекелік концертке ұласты.

Автор: admin