• 21 ноября, 2024 3:57 пп

ҚОҒАМДА ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ТОЛЫҚҚАНДЫ ІСКЕ АСЫРУ ҚАЖЕТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сұхбатында өте құнды пікірлер айтылды. ҚР Президенті өз сұхбатында «адамдар мемлекет үшін емес, мемлекет адамдар үшін қызмет етуі керек» деген идеясы өте орынды айтылды деп есептеймін. Бұл демократиялық қоғамның негізгі қағидасына сәйкес келеді.

Бұл жерде азшылықтың көпшілікке бағынуы нәтижесінде қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алуға болады. Соның нәтижесінде мемлекетте саяси тұрақтылық орнайды деген сөз. Сонымен қатар, өте құнды пікірі ретінде ақпараттық кеңістіктің еркіндігіне деген көзқарасы азаматтық қоғамның негізгі тетігі болып табылады. Мұндай тәжірибе әлемдік дамыған елдердің тәжірибесінде қолданылып келеді. Төртінші билік деп мойындалатын бұқаралық ақпарат құралдары – мемлекет мүддесі үшін жұмыс жасауға ниетті болуы тиіс. Қоғамда идеологиялық жұмыстарды толыққанды іске асырып, азаматтарды Тәуелсіз еліміздің болашағы жолында жұмылдыру қажет.

ТУЛЕГЕНОВ БЕКАЙДАР МҰСАҰЛЫ
Мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі

Автор: admin