• 25 ноября, 2024 3:26 пп

ТІС АУРУЫ АСҚЫНҒАН НАУҚАСҚА МӘМС ЕСЕБІНЕН КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

Автор:admin

Апр 11, 2024

 

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында 6 жылдан бері тіс ауруының асқынуынан зардап шегіп келген 21 жастағы қызға МӘМС есебінен күрделі ота жасалды. Ота құны 475 мың теңгені құрайды.

Науқасты үнемі өткір бас ауруы, беттің ісінуі мен гайморит белгілері мазалап келген. Бет-жақ хирургиясы бөлімшесінің білікті дәрігерлер құрамы оған шұғыл ота жасап, дерттен сауықтырды.

Қалалық №1 клиникалық ауруханасында құлақ-мұрын-тамақ және жақ-бет әлпет ауру¬ларына жоғары мамандандырылған диагностикалық және емдік шаралары көрсетіледі. Аса күрделі бет-жақ сүйек аумағын қайта жаңарту, қалпына келтіру сынды күрделі ота түрлері жасалады. Жыл басынан бері аталмыш аурухананың бет-жақ хирургиясы бөлімшесінде МӘМС есебінен 13 күрделі ота жасалған.
Біле жүріңіз! МӘМС жүйесі үшін халықтың сенімі мен ел саулығы қымбат. Әлеуметтік медициналық сақтандырылу – денсаулық кепілі.

Автор: admin