Шешілмеген жанжалдар мен эмоционалдық шиеленіс кезінде адам зорлық-зомбылықты тек өзіне ғана емес, жақындарына да бағыттай алады. Шымкент гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Ғалымжан Маханбетов күнделікті өмірде бұл құбылыстың алдын алу жөнінде жан-жақты айтып берді. Әкімшілік заңнамадағы соңғы өзгерістерге сәйкес, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар өтініш негізде емес, анықтау негізінде тіркелетінін атап өтті. Яғни, әкімшілік іс қозғау үшін бұдан былай жәбірленушіден арыз талап етілмейді, тек тәртіп сақшысына құқық бұзушылық фактісін тіркеуге алу ғана қажет. Адамның өмірінде проблеманың әр-қашан болатынын түсіндіруге бағытталған практикалық жаттығу әрдайым болуы тиіс. Ал профилактикалық жұмыстардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін барлық азаматтарға әскери қызметкерлердің психикалық денсаулығын нығайтудың озық тәжірибелері мен инновациялық тәсілдері ұсынылғандығы өте керемет дүниелердің бірі болар еді. Бүгінгі мәселе жеткіншекке зорлық көрсетілсе, немесе оның өзі зорлық жасаса не істеу керектігі туралы кеңестерді қарастырамыз, қай жерде және қандай көмек түрін алуға болады. Балаларға қатысты қатал көзқарас, қарым – қатынас және олардың қызығушылықтарын кемісутудің түрлері мен формалары болып табылады:*баланың денсаулығы,дамуы және әлеуметтенуі үшін ауыр зардап тигізеді. Жастар арасындағы кездесетін зорлық –зомбылық біздің қоғамымыздың орасан зор мәселесі, кейде оны анықтау қиынға соғады. Кейбір зерттелерге сүйенсек, әрбір 5 –ші жеткіншек өзіне қарасты зорықты бастан кешірген, зорлыққа ұшырағандардың орташа жасы -15 жас, жәбірленушілердің көбісі –қыздар, 4 –ші қыздың ары аяққа тапталған. Зорлықтың санаттарын, формаларын анықтауға болады. Физикалық зорлық: Соққылар, түрткілер, шымшулар, тепкілер, ұрулар, заттарды лақтыру, қабырғаға соғу, біреуге зиян тигізу қаупі, адамның жеке меншігін бұзу, оның отбасына қауіп төндіру. Сексуалдық зорлық: сексуалдық қатынастарға көндіру, сексуалдық объект ретінде қабылдау, зорлау, қалаусызсексуалдық қол тигізу, арнайы ескерту, сексуалдық мақсатпен соңынан куу. Міне осы және өзгеде мәліметтерді біздің әскери қызметшілеріміз өте жақсы меңгеріп, алдын-алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жандандыруы тиіс.
Jsk ақпарат орталығы