ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүк автомобильдерінің экономикалық контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілгендігі анықталды, бұл мемлекетке 180 млн теңге сомасына төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ 205 млн теңге сомасына тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды. Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді. Міне осы және өзгеде құқық қорғау мәселелері қоғамда айшықты орын алады. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдарының қызметтері қоғам өмірінің алуан түрлі саласын қамтиды. Бір мемлекеттік органдар еліміздің экономиканың дұрыс қалыптасуына әсер етсе, екіншісі сыртқы саясатты жүзеге асырады, ал үшіншісі еліміздің қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етіп отырады және тағы басқа да мемлекеттік органдар мемлекеттің маңызды деген мәселелерін шешіп отырады. Дегенмен, аталған мемлекеттік қызметтердің ішінде, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қызметі ерекше маңызды орында тұрады. Себебі, Қазақстан Республикасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалады. Ал, Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында ең басты құндылық — ол адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету құқық қорғау қызметінің басты мәселесі болып табылады. Осыдан көрінітіндей, мемлекеттік қызметтің ішінде, құқық қорғау қызметі басты орын алады.
Jsk ақпарат орталығы