• 26 ноября, 2024 3:54 дп

Интернет алаяқтықтың алдын-алу шаралары бойынша — полиция қызметкерлері қарқынды жұмыс істеуде

Автор:admin

Апр 5, 2024

Бүгінгі қоғамның дерті – интернеттегі алаяқтық. Бұлай дейтінімізге негіз де бар. Министрліктің мәліметінше, өткен жылы елімізде 14 мың алаяқтық жасалған, ал өткен жылы осы сан 20 мыңнан асқан. Ақпараттық технологияның заманы билеп тұрған уақытта, әрине, оны пайдаланбай өмір сүру мүмкін емес. Алайда интернетті қолданбау мүмкін емес деп алаяққа жем бола береміз бе? Немесе алаяқтар өзгенің ақшасына қалай оп-оңай қол жеткізеді? Алаяқтардың құйтырқы әрекетіне қайтсек тоқтау қоя аламыз? Осы және өзге де сұрақтарға ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов жауап береді, – деп хабарлайды Jsk.kz тілшісі. Интернет-алаяқтық деп ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Бұл жерде қылмыскер ақпараттық жүйлерді, яғни компьютер, смартфон, планшет секілді құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді әрекеттерге барады. Мәселен қаламызда өткен аптада жиһаз жасаймын деп мегаполис тұрғындарын алдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Jsk.kz. Тұран аудандық полиция бөліміне қала тұрғыны көмек сұрап арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу OLX парақшасында үй жиһазын жасап беретінін айтып, жарнама қалдырған. Содан күдікті жәбірленушінің ас үй бөлмесіне жиһаз жасау үшін өлшем алып, 1 млн теңгеден астам ақшасын иемденген. Кейін байланысқа шықпай қойған. Келіп түскен шағымға байланысты жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде Шымкент қаласының 28 жастағы тұрғыны анықталды. Әрі қарай тексерулер барысында жігіттің аталған фактіден бөлек, тағы бір қала тұрғынын алдағаны белгілі болды. Жалпы, жәбірленушілерге келтірілген шығын 2 млн теңгені құрады. Сенім білдірген азамат жігіттің парақшасындағы жиһаздардың суреті арқылы тапсырыс беріп, ақшаны алдын ала аударған. Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті жігіттің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin