• 25 ноября, 2024 11:42 дп

Бір реттік темекілер қауіпті ме? Дәрігердің пікірі

Автор:admin

Апр 12, 2024

Темекі өнімдері бірнеше ғасыр бойы сатылып жатыр, алайда олардың зияны төмендеу келетін нұсқалары жақында ғана пайда болған. Әрі темекі баламаларының барлығы бірдей зиянды аздау тигізеді деуге болмайды. Неліктен – мұны терапевт, зиянды төмендету тұжырымдамасының сарапшысы Гинтаутас Кентра түсіндіреді. Темекі тарту әлемдік экономикаға жыл сайын 1 триллион доллар шығын әкеледі (соның ішінде темекі тарту салдарынан болатын жылына 6 миллион өлім-жітімге байланысты шығындар да бар). Мәселен, бір ғана АҚШ-тың өзінде ел экономикасы темекі шегудің салдарынан 300 миллиард долларға дейінгі қаражатты жоғалтып отырады екен. Сонымен бірге адамдар шылымнан жаппай бас тартып жатқан жоқ және темекіні тастайтыны да екіталай – тек біздің елімізде ғана бүкіл халықтың бестен бір бөлігі темекі тартады. Темекінің жану өнімдері онкологиялық аурулар, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және басқа да жұқпалы емес дерттерді қоздырады. Көптеген зерттеулерге сәйкес қарапайым шылымдағы темекі Цельсий шкаласы бойынша 600-800 градусқа дейін қыздырылады, әрі осы үдеріс барысында зиянды химиялық қосылыстар бөлініп шығарылады (соның ішінде шайыр да бар, оның зияны туралы көптеген зерттеушілер жиі дабыл қағып жатады). Баламалы түрде темекіні ауыстыруға да болады. Мысалы, 1970-ші жылдары медициналық қауымдастық никотинді алмастыратын терапия (НАТ) туралы айта бастайды, бұл дегеніміз ешқандай «сынуларды» сездірмейтін, тәулігіне 24 сағатқа дейін тері үстіне жабыстырып жүруге болатын никотиндік жапсырмалар. Осы жапсырмаларды бір уақытта никотиндік сағыз немесе спрейлермен бірге қолдана беруге болады, әрі бұл темекі тартуға деген ұмтылысты азайтуға көмектеседі. Алайда бұл жағдайдың күрделілігі ұзақ уақыт бойы темекі тартып жүрген адамдардың никотинге ғана емес, сондай-ақ әдеттің өзіне, яғни, шылым шегудің физикалық үдерісіне деген құштарлықта жатыр. Сондықтан осындай шылымқұмарларға темекінің балама нұсқаларына ауысқан ыңғайлы болуы мүмкін, өйткені олар, атап айтқанда, темекі қыздыру жүйелері (ТҚЖ) немесе бір реттік вейптер, яғни, бір рет пайдаланылатын темекілер, шылым тарту үдерісін қайталайды. Соңғы екеуі сыртынан ұқсас келетіндіктен, көптеген адамдар оларды бірдей деп санайды. Алайда олардың зияны бірдей емес. Халықтың шамамен 97,5%, жанама әсерлерін қоса есептегенде, жану өнімдері бар темекіні тұтынады. Өкінішке қарай, сауалнамада бір реттік вейптердің үлесі көрсетілмеген.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin